Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Шәкәрімге Кембридж құрмет көрсетті...

18.05.2015 1988

Шәкәрімге Кембридж құрмет көрсетті

Шәкәрімге Кембридж құрмет көрсетті - adebiportal.kz


photo_16231.jpgҰлыбританияда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың «Шәкәрім. Қазақ ақынының өмірі» атты кітабының тұсауы кесілді. Ағылшын тілінде жарық көрген құнды еңбекпен алғаш болып Кембридж университетінің ұстаздары мен студенттері танысты. 


Батыс жұрты Шәкәрімнің қазақ ақыны, жазушысы, ойшылы екенін білгенімен, оның әділдік үшін арпалысқанынан, жұмбақ өлімінен бейхабар еді. Енді міне, сиясы кеппеген кітаптан Шәкәрім дүниесін тануға, ұлы ойшыл арқылы қазақ философиясын, қазақтың салт-дәстүрімен танысуға мүмкіндік алды. Бұл кітаптың жарыққа шығуына Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық академияда зор үлес қосты.


Шәкәрім әлемі – түпсіз, тұңғиық әлем. Ол игерген Ар ілімі, ислам шариғаттары негізіндегі трактатқа бергісіз еңбектері, алланы тану, адамды тану ізденістеріндегі жазбалары, терең мағыналы ойлы, діни-философиялық бағыттағы өлең-жырлары қазақ әдеби, ғылыми еңбектерінің шебінен асып, жалпыұлттық, бүкіладамзаттық үнқосуларға еріктен тыс еніп жатады. Ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығын жаңа қырынан тану, таныту – тек Қазақстан халқына ғана қажет емес, сонымен бірге, бүкіл адамзатқа ортақ құбылыс, тенденция болмақ. Монографиялық еңбекте, ақынның тарихи, көсемсөз және философиялық шығармалары ғылыми және азаматтық ұстаным тұрғысынан талданған. 


Ақын, дінтанушы, шежіреші, ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы бұл ғұмырбаяндық кітаптың енді ағылшын оқырмандарынына жетуі мен танылуы – Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті үшін шын мәніндегі үлкен олжа әрі Тәуелсіздік пен Елбасымыз жүргізіп отырған салиқалы саясаттың үлкен жемісі. Ұлтымыздың қайраткерлері мен санаткерлерін уақытты жоғалтпай осылайша әлемге кең таныта білсек, елдігімізге – мерей, мемлекетімізге – мақтаныш.


adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар