Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ұлттық кітапхана кітап фестиваліне шақырады...

12.08.2015 5908

Ұлттық кітапхана кітап фестиваліне шақырады

Ұлттық кітапхана кітап фестиваліне шақырады - adebiportal.kz




лого++.jpg




Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында 2015 жылдың 22 тамызында сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін Нұржол бульварында «Оқырман  жастар – Қазақстан болашағы»  атты кітап фестивалін өткізіледі.


Кітап фестивальі аясында «Оқуға арналған сәт» флешбугы, «Бәрі кітаптан басталады» флешмобы, QR-код мобильді кітапханасының тұсаукесері, «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша «Көшпенділер» романы – көшпелі өркениеттің айнасы іспетті» тақырыбында іс-шара, Е. Кочетовтың «Слова, которые изменили Казахстан» атты кітабының тұсаукесері, «Қайсар Әлия» атты ерлік сабағы, кітап жәрмеңкесі, кітап сыйлау акциясы, «2015 жылдың мерейтой иелері – Нобель сыйлығының лауреаттары» көрмесі, оқырман жастармен кездесу өтеді.


Сондай-ақ, «Поэзия, саған мың алғыс!» поэзия марафоны,  қазақтың белгілі жазушысы Тұманбай Молдағалиевтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ деген халықтың баласымын» тақырыбындағы поэзия сағаты ұйымдастырылады. Бұдан басқа, Ақмола облысы кітапханашылары «2015 жылдың мерейтойлық күндері» бағдарламасымен іс-шара өткізеді.


Іс-шара   Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығы, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына және оқу жылының басталуына арналады. Іс-шараның негізгі мақсаты – кітапты насихаттау, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін арттыру, жастардың  кітап оқуға деген шынайы ынта-жігерін қалыптастыру.


Кітап фестивальіне баспалар, елорданың кітап сатушы фирмалары қатысады. Егер сіз жаңа кітаптармен танысып, астаналық ақын-жазушылармен кездескіңіз келсе, бүгінгі оқырман қандай авторларды оқитынын білгіңіз келсе, тіпті жай ғана уақытыңызды жақсы өткізгіңіз келсе, онда Кітап фестивальін өткізіп алмаңыз!



adebiportal.kz 

 

 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар