Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Республикалық «Тіл мерейі» байқауы өтеді...

21.09.2015 2770

Республикалық «Тіл мерейі» байқауы өтеді

Республикалық «Тіл мерейі» байқауы өтеді - adebiportal.kz


55cfeecd18c8bd34b7f227e1c50e2cb1.jpg

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен «Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК 2015 жылдың 29-30 қыркүйек күндері қазақ тілінен сабақ беретін мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының оқытушылары арасында республикалық «Тіл мерейі» байқауын өткізеді. Байқаудың қортындысы Щучинск қаласы, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында болады.


Байқаудың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылардың қоғамдық мәртебесі мен кәсіпқойлығын, беделін арттыру және оқытушының әдістемелік шеберлігін шыңдау. Тіл үйретудің озық әдістемесін насихаттау, тарату, педагогикалық қызметтегі инновациялық тәсілдерді қолдану үлгілерін анықтау және оқытушылардың сабақ берудегі біліктілігі мен тәжірибесін сараптау болып табылады. Ең маңыздысы – мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілінен сабақ берудің сапасы мен этнос өкілдерінің қазақ тілін оқып үйренуге деген қызығушылығын арттыру.


Байқауға облыстық (қалалық) мемлекеттік тілді оқыту орталықтарында өткізілген байқаудың жүлдегерлері қатысады. Олар өзін-өзі таныстыру, электронды портфолиолары арқылы әдістемелік жүйелерін ұсыну, сондай-ақ тіл үйретуде оқытудың жаңа технологияларын қолданып, қазақ тілінен сабақ көрсету кезеңдерінен өтеді.


Әдіскер-ғалымдар мен білікті мамандардан құрылған қазылардың шешімімен үздіктер анықталып, дипломдар, алғысхаттар және жүлделі сыйлықтармен марапатталады және ақшалай сыйлықтар табысталады.


adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар