Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Мөлдір Айтбай: «Кітабымның алғы сөзін анам жазды»...

01.12.2015 4576

Мөлдір Айтбай: «Кітабымның алғы сөзін анам жазды»

Мөлдір Айтбай: «Кітабымның алғы сөзін анам жазды» - adebiportal.kz



12243355_940019139408034_2866367784912450030_n.jpg

- Мөлдір, тұңғыш кітабыңыз құтты болсын! Әдебиет табалдырығындағы алғашқы қадамыңыз ғой. Қандай әсердесіз?


- Кітап шығару, көктемде жерге дән салып, жаз бойы бел жазбай еңбек етіп, күзде оның жемісін жинау сияқты, әр ақын үшін ләззатты дүние ғой. Бұрын әр жерде жүретін өлеңдерім, жиналып оқырман қолына тигенде, оған жақсы пікірлер айтылғанда, ерекше әсерде болғанымды жасырмаймын.


- Кітабыңызды өз есіміңізге байланыстырып, «Мөлдір өлең» деп атапсыз. Тамаша атау. Мөлдір, осынау мөлдір әлеміңіз қанша таралыммен жарық көрді?


- Сегіз баспа табақ болып шыққан жинағымның таралымы бес мың дана. Бала кезімнен бері жазған барлық өлеңдерімнің ішінен іріктеп, үш бөлімге бөліп салдым. Бірінші бөлім «Сезім сені сағындырса, кел жаным» деп аталатын махаббат лирикасы. Екінші бөлім «Жүрегімнің ұсындым ғазал гүлін» деп аталады. Бұл бөлімге осы уақытқа дейін қатысқан мүшәйраларға орай жазылған арнау өлеңдер енді. Ал үшінші бөлімге «Көзім екеу болғанмен, көретіні бір әлем» деп аталатын эллегия, өмірден түйген ойларымның түйіні топтастырылды.


- Жақында Алматы қаласындағы Жазушылар Одағында кітабыңыздың тұсаукесері өтті. Кейінгі уақытта Жазушылар Одағына жастар қабылданып жатыр. Одақтың мүшелігіне өттіңіз бе? Кеш қалай өтті? Кімдер келді?


- Ия мен одақ мүшесі емеспін, алғашқы жинағымды да енді ғана шығарып жатырмын, дегенмен, қолдау көрсеткен ағаларыма мың да бір рахмет! Ғалым Жайлыбай, Жанарбек Әшімжан, Маралтай Райымбекұлы ағаларыма ұсыныс жасап едім, кеудемнен итеріп, бетімнен қақпады. Кітаптың тұсауын Иран-Ғайып Оразбаев кесуі керек болған, белгілі себептермен ол кісі келе алмай қалды. Сонымен Бауыржан Жақып, Исраил Сапарбаев ағалар бастап кештің шымылдығын ашып, тұсауы кесілді.


received_10153747730104513.jpeg

- Көп жастар алғашқы кітабына үлкендерге алғы сөз жаздырып алып, шығарып жатады. Сіздің кітабыңызға кім жазды?!


- Барлық ақынның өз биігі, өз дәрежесі, өз ерекшелігі мен болмысы бар. Бір ақынды бір ақыннан бөле алмадым. Сосын Жазушылар Одағына өтуді өмір бойы арман еткен анамнан, алғы сөз алуды жөн көрдім. Ол мықты ақын, классик жазушы емес, бірақ мені туғаны үшін, ол алғы сөз алуға лайық деп шештім. Анамды арнайы Қызылордадан алдыртып, тұсаукесер кеште сөз сөйлетіп, ақ батасын алдым.


- Бәрекелді. Анаңыз ұзақ жасасын! Қазір жастардың кітабы мемлекеттік тапсырыспен шыққанның өзінде екі мың данамен жарық көреді. Ал бес мың таралым кітап шығару оңай емес, кімнің қолдауымен шыңардыңыз?


- Бұған дейін қаншама үлкен кісілерден кітабыңды шығарып берейік деген ұсыныстар болып жататын. Бірақ өзім өлеңімнен, өлеңім өзімнен сұлуырақ болған соң, ол кісілерге аса сенмі арта алмадым. Әр жылы дайындаған кітабым, компьютердің жадында сақталып, жабылып қала беретін. Осы жылы өз қаражатыммен «Нұрлы әлем» баспасынан, шығардым. Жарылқасын Дәулет аға, баспа директоры ретінде үлкен жеңілдіктер жасады. Ол кісіге Алла разы болсын!

12316264_10201146101412214_8734153884237519901_n.jpg

- «Мөлдір өлеңнің» таныстырылымын Астанада да өткізбекшісіз, қай жерде қандай форматта өтеді?


- Ия, кітап шыққан соң бір қуыста қалмау керек. Алматыда өтті, енді Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханада, желтоқсан айының үші күні сағат үште өтеді. Алла сәтін салса, алдынғы толқын ағаларым кештің шымылдығын ашып сөз сөйлесе, ары қарай өлеңдер оқимын, ән, күй, осылай өз жалғасын табады. Астанада сәтті өтсе, туған жерім Қызлордалықтар күтіп отыр. Сонда өткіземін. Осылайша барлық облыстарда таныстырылымын өткізіп шықсам деген ой бар.


- Бес мың кітап, сатылымға шықты ма? Астанадағы кеште кітап сатыла ма?


- Жоқ. Кеште кітап сатылмайды. Сол жердегі қонақтарға жеткенінше таратылады. Төрт мың кітап таратылып кетті, енді тек облыстарға бөлінген азғантай кітап қалды. Қатты оқығысы келгендер үшін сіздерге, «Әдебиет порталына» электронды нұсқасын бермекшімін.

 

- Әдеби кешке кімдер қатысаы тағы?


- Бәрін шақырып жатырмын, келем деушілерге бөгет жоқ. Алдыңғы буын аға әпкелерге үлгергенімше шақыру билет алып барып беремін, үлгермегендерім мені түсінеді деп ойлаймын. Қалқаман аға, Маржан Ершу әпкелеріме алғыс. Осы Таныстырылымның өтуіне үлкен қолдау көрсетіп жатыр. Басқа кімдер келетіні әзірге белгісіз, Мөлдір Айтбайдың баратыны нақты белгілі.


- Ендеше Мөлдір Айтбайға сәттілік тілейміз!




Әңгімелескен  Әбу-Асқар Мекешұлы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар