Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Ауыз әдебиетінің толық жинақталған электронды кітаптары сатылымға шықты

23.02.2016 836

Ауыз әдебиетінің толық жинақталған электронды кітаптары сатылымға шықты


Елордада «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық мәдени-әлеуметтік қозғалысының ұйымдастыруымен, «Даналы болсын жас ұрпақ» атты жаңа электрондық оқулықтың тұсаукесер рәсімі болып өтті.


Дана 1 - копия (1).jpg 


Бала тәрбиесі қашанда өзекті. Оның үстіне бүгінгідей ғаламтордың дәуірі қайнап тұрған заманда. Балаларымызға «Біз кезінде етбеттеп жата қалып, қала берді шамның жарығымен кітап оқитынбыз» десең, мырс ететіні өтірік емес. Барлық ата-ана баласын кітапқа қалай баулимыз деп әрі-сәрі күй кешіп жүрген уақытта, бұл дәл мезгілінде өмірге келген дүние деп ойлаймын. Әр отбасына міндетті түрде керек. Қазіргі балалар «Барби», «Бетман», «Микки Маус» секілді ойыншықтарды жаттап, санасына сіңіріп алған. Күні бойы үнсіз алақандай көгілдір сәулеге телміруден рахат іздейді.


Дана 1 - копия.jpg

Бұл ерекше жобаның авторы қытайдан келген қандасымыз педагог, ақын Қанатхан Әбілғалиұлы – баланы кітапқа баулудың тың тәсілін ойлап тапқан. Қазақ ертегісі, әліппесі мен салт-дәстүрі, жұмбақ пен жаңылтпаштары жинақталған электронды кітап пен «Ақылды қоян» ойыншығын жасап шығарған. «Дана қалам» атты бұл электронды құрал баланы ерте жастан қазақ тілін түсінуге, сөзден сөйлем құрауға баулиды. Аталмыш оқу құралы 3-12 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған. Көлемі 8 кітаптан құралған интеллектуалды оқулықтарға 800 шумақтан тұратын 88 түрлі тақпақ, қазақ халқы ертегілері мен шетел алықтарының ертегілерін қамтыған. 130 ертегі қазақ халқының әдет-ғұрпын, ұлттық дүниетанмына қатысты 1500- ге жуық атауға түсінік берілген. Сонымен қатар мақал-мәтел, жаңылтпаш, ырымдар мен тыйымдар, Абай өлеңдерін, 500-ге жуық мәтін мен 200-ден астам әндер қамтылған.

Дана 2.jpg


«Ел боламын десең бесігіңді түзе» дейді дана халқымыз. Ұлытауда берген сұхбатында Елбасымыздың өзі айтты емес пе, «түбінде интернетте отырған баланы, кітап оқыған бала басқарады» деп. Ендеше, ағайын қандасымыздың еңбегін бағалап, балаларымыздың болашағы үшін тарынбайық. Ұлт руханияты толығып жатса неге жар сала қуанбасқа!


IMG-20160223-WA0000.jpg


Дана.jpg


Гүлжаз Қыдықбекова

Тапсырыс үшін байланыс телефоны: +7 702 839 86 88


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар