Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Алтын Тобылғы» әдеби сыйлығының жеңімпаздары ан...

04.12.2015 4974

«Алтын Тобылғы» әдеби сыйлығының жеңімпаздары анықталды

 «Алтын Тобылғы» әдеби  сыйлығының жеңімпаздары анықталды - adebiportal.kz

ASN_5724.JPG

Бүгін Астанада Елбасы – ҚР Тұңғыш Президенті Қоры «Алтын Тобылғы» әдеби сыйлығының алғашқы жеңімпаздарын марапаттады.


«Алтын Тобылғы» әдеби сыйлығы – 18 бен 35 жас аралығындағы жас авторлардың шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталған жоба. Сыйлыққа өтінім қабылдау 2015 жылдың шілдесінде басталған. Осы уақыттан бастап жиналған 120 әдеби туындының ішінен әділ қазылар алқасы  ең жақсы деген 4 туындыны таңдап алған болатын.


«Алтын Тобылғы» сыйлығының ұйымдастырушысы және құрылтайшысы – Елбасы – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры. Жоба серіктестері – Қазақстан Жазушылар одағы және Мемлекеттік тілді дамыту қоры.


«Біз бұл жобаны мақтан тұтамыз және дәл қазір, оның алғашқы нәтижелерін бағалай отырып, оның қаншалықты уақытылы және қажетті екендігін көрдік. Қазақстан талантты жастарға кенде емес және мен қазір елдің мәдени және әлеуметтік дамуында алғашқы орында жас буын философиясы болуы керек деп сенемін. Біз жас қазақстандықтардың шығармашылық әлеуетін қолдау және ынталандыруды өз миссиямыз деп білеміз», - деді Тұңғыш Президент Қорының атқарушы директоры Сағындық Нұрақанов марапаттау салтанатында.

ASN_5756.JPG


«Алтын Тобылғыға» қатысқан шығармалар «Ең жақсы проза», «Ең жақсы поэзия», «Ең жақсы драматургия», «Ең жақсы балалар әдебиеті» деген төрт номинация бойынша анықталып, әр аталым жеңімпаздарына 1 миллион теңгеден сыйақы берілді. 

«Ең жақсы проза» бойынша өскемендік Арай Ертарғынова (20 жас), 

«Ең жақсы драматургия» аталымы бойынша алматылық Әннәс Бағдат (31 жас), 

«Ең жақсы балалар әдебиеті» номинациясы бойынша қарағандылық Алексей Варзаев (35 жас) жеңімпаз атанды.


Сонымен қатар, «Мәңгілік ел» тақырыбына арнап жазған туындысы үшін 1,5 миллион теңге көлеміндегі арнайы сыйлық 34 жастағы Алматы облысы Талдықорған қаласының тумасы Есболат Айдабосынға берілді.


«Ең жақсы поэзия» номинациясы бойынша сыйлық бұл жылы табысталмады.


Байқау әділ қазылары құрамына Қазақстанның атақты мәдениет қайраткерлері кірді, олардың ішінде Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты депутаты, ҚР Жазушылар одағының Төрағасы Нұрлан Оразалин, «Казахстанская правда» республикалық үнпарағы» АҚ басқарма төрағасы Александр Тараков, қазақ ақыны, аудармашы, сценарист Бақытжан Қанапиянов және т.б. бар.


Авторлық туындылар жанрға сәйкестік, ойлау еркіндігі, авторлық позиция, баяндау бірізділігі және мағыналығы, идея шынайылығы, әдеби-көркем артықшылықтары, қиял және шығармашыл әдіс, эмоционалды және эстетикалық әсер тереңдігі сынды критерийлер бойынша бағаланды. 


adebiportal.kz



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар