Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Абайдың Жидебайдағы Мұражай-Үйі...

08.08.2015 4126

Абайдың Жидебайдағы Мұражай-Үйі

Абайдың Жидебайдағы Мұражай-Үйі - adebiportal.kz


Абайдың Жидебайдағы мұражай-үйі - Абайдың өмірі мен шығармашылық жолынан толық мағлұмат беретін мәдени мекеме.

Семей қаласынан 180 км, Қарауылдан 25 км қашықтықта орналасқан. 1945 жылы ұлы ақынның туғанына 100 жыл толуы қарсаңында арнаулы мемлекеттік комиссия шешімімен Жидебайдағы Абай қыстауы Абайдың Жидебайдағы мұражай-үйіне айналды. Мұражайдың бес бөлмесі мен үш залына орналастырған заттар ұлы ақынның жақын-туыстарынан, достары мен замандастарынан алынған. Үйдің кұрылымы, сыртқы пішіні Абай заманындағы көрініскелбетін сақтаған. Ұзын дәліздің сол жағындағы бірінші есіктен ас үйге кіреді. Ол - терезесі шығысқа қараған кең бөлме. Оң жақ босағада асадал менкүміс, мыс жалатылып сүйектен жасалған кішкене кебеже. 1885 жылы Абай осы екі бұйымды Семейдің өлкетану мұражайына өз қолымен өткізген. Коп заттардың ішінен кабырғадағы түскиіз ерекше коз тартады. Қонақ үйде Абайдың орыс достары Е.П. Михаэлис, С.С. Гросс, Н.И. Долгополов пен П.Лобанскийлердің суреттері бар.
Олардың Абай ауылында болғанын айғақтайтын кұжаттармен қатар Абайдың Семейдегі олкетану мұражайына откізген көптеген заттарының суреттері койылған. Мұнда күміс кұты, кесе, айбалта, шақша сияқты бұйымдар бар. Абай заманынан бүгінгі күнге жеткен ең кұнды заттын бірі - 1885 ж. П.Лобанский қарындашпен салған Абай суреті. Үйдің торгі бөлмесінде ақынның озі отырған. Онда кітап оқып, жазу жазып, жұмыс істеген. Осы бөлмеге Ділдәнің сүйек төсегіқойылған. Төсек тұсына Әбдірахман мен Мағауия суреттері ілінген. Абайдың үш ішекті домбырасы да осында. Дөңгелек үстел үстіне қойылған шыны қорапшаның ішіндегі Абайдың күміс қалта сағаты, қолжазбаларының көшірмесі, құс қанатынан жасалған қаламсабы мен сиясауыты ақын өмір сүрген ортаны көзге елестетеді. Ауызғы бөлме ортасында, дөңгелек үстел үстінде, сыртында күмістен бедер салынған үлкен ағаш тегене мен бұғы мүйізінен жасалған қымыз ожау, бірнеше тегене мен тостағандар тұр. Бұл - Абай үйінің мүліктері. Оң жақтағы сүйек төсек - Әйгерімдікі. Абайдың нәресте кезіндегі заттарыда сақталған. Оң босағада Абайдың үш ауызды және шиті мылтықтары ілулі тұр. Үш ауызды мылтықты Семейдің әскери бастығы сыйға тартқан. Дәліз бойымен ілгері жүргенде түпкірдегі бөлменін оң жағында тұрған сүйек төсек - Еркежандікі. Бөлмедегі өзге заттардың барлығы - Абайдың соңғы кездегі өмірінің куәсі. Мұражай-үй шошаласының температурасы жазы, қысы бір калыпты. Оның қабырғалары таспен қаланған.
 

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар