Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Әкім Тарази: "Әбіш Кекілбай өлген жоқ..."...

11.12.2015 2812

Әкім Тарази: "Әбіш Кекілбай өлген жоқ..."

Әкім Тарази: "Әбіш Кекілбай өлген жоқ..." - adebiportal.kz

Akim-Tarazi.png




Біз Әбіш Кекілбайұлымен қазақ әдебиеті деп аталатын қасиетті ордаға бірге келдік, бірге жүрдік. Алғашқы шығармаларымыз жарыққа шыққанда бірге оқып, бірге талқыладық. Әдебиетте қатар жүрген достарымыз көп болды. Сол тұста қазақ әдебиетіне бір шоғыр тату, берекелі жақсы буын келген еді. Енді өмірдің заңы солай, шетінен алып кетіп жатыр. Сол достарым: Мұқағали Мақатаев, Қалихан Ысқақ, Сайын Мұратбек секілді талантты қаламдастарым өмірден өтіп кетті. Енді кезек Әбішке келген екен. Оны қайғырмай, қасірет демей, кәдімгі жауынгер ретінде, тік тұрып оққа кеуде тосқандай қарсы алуымыз керек. Бірақ талантты жазушыны әрқашанда өлді деген сөзге қимаймыз. Ол өлген жоқ, мәңгіліктің жолына түсті, енді мәңгіліктің жолымен кетіп бара жатыр деп ойлаймын...



inform.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар