Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Түрік ақыны Жахит Сытқы Таранжы поэзиясына арналға...

25.01.2016 2347

Түрік ақыны Жахит Сытқы Таранжы поэзиясына арналған әдеби кеш өтпек

Түрік ақыны Жахит Сытқы Таранжы поэзиясына арналған әдеби кеш өтпек - adebiportal.kz

ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың "Мырзатай Жолдасбеков" залында 28 қаңтар күні сағат 15.00-де Юнус Эмре түрік мәдени орталығының ұйымдастыруымен түрік әдебиетінің белді өкілдерінің бірі, белгілі ақын Жахит Сытқы Таранжы поэзиясына арналған әдеби кеш өтеді. Кештің мақсаты Жахит Сытқы Таранжының шығармаларын қазақ оқырмандарына таныстыру, насихаттау болып табылады.

Cah't Sitki Taranci.jpg


Жаһит Сытқы Таранжы (1910–1956) түркі халықтарының поэзиясында елеулі орын алатын ақындардың бірі. Жаһит ақын жас кезден–ақ ерекше талантымен көзге түскен. Студент кезінде жазған шығармалары оны танымал етті. Өлеңдерінде халықтық сипат пен терең лиризм көрінеді. “Отыз бес жас”, “Күн”, “Ақырғы” өлеңдер жинағы жарық көрген.

Осы кеште Таранжының өлеңдерін тұңғыш рет қазақ тіліне аударған ақын Маржан Ершу аудармаларын оқырмандарға тарту етеді.

Поэзия кешіне түркітанушы мамандар, ақын-жазушылар қатыспақ.



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар