Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Тұрсынжан Шапайдың «Күлкі және көз жасы» кітабының...

25.01.2016 4332

Тұрсынжан Шапайдың «Күлкі және көз жасы» кітабының тұсаукесері өтті

Тұрсынжан Шапайдың «Күлкі және көз жасы» кітабының тұсаукесері өтті - adebiportal.kz


25-01-2016-tursinzhan-shapai-386x480.jpg

Мегаполис қаланың мәдени өміріндегі аптаның алғашқы күні ерекше басталды. Дүйсенбі күні танымал қаламгер Тұрсынжан Шапайдың «Күлкі және көз жасы» кітабының тұсаукесері өтіп, оған шаһардағы әдебиеттанушылар мен белгілі публицисттер, БАҚ жетекшілері мен қаламы жүйрік журналистер қатысты. Жиыннан белгілі ғалымдар да табылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.


Көптен күткен кітаптың тұсаукесер рәсімін «Ел» продюсерлік орталығының директоры Ғалым Доскен және «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Жұмабай Шаштайұлы жасап, жазу өнеріне қатысты ойларымен бөлісті.


Рухани басқосу тұрғысында өткен кітаптың тұсаукесерінде Тұрсынжан Шапайдың сөзіне жазылған әндер орындалып, әдеби кейіпкерлері сөз алды. Рамазан Стамғазиев, Бекжан Тұрыс, Ұлту Қабаева сынды өнердің бел балалары шығармашылық бас қосудың салмағын арттырды. Танымал актер Асқар Наймантаев жазушының шығармасынан «Қазақпен саудаласу» үзіндісін оқыды.


Аталмыш кітап «Ақжүніс» баспасынан шыққан тұңғыш кітап екенін айта кету ләзім. Осынау жобаға мұрындық болған «Ақжүніс-Астана» журналының бас редакторы Сәуле Әбединова «Күлкі және көз жасы» кітабы 2 мың данамен жарық көргенін, сұраныс өскен сайын таралымы да өсе беретіндігін айтты.


«Күлкі және көз жасы», «Жазу», «Бір мысқал», «… және бір эссе» атты төрт тараудан тұратын кітап қазірдің өзінде ерекше ой оралымдарымен, тілінің шұрайлылығы, сөзінің салмақтылығы, мәселелерінің көкейкестілігімен оқырмандарын елеңдетіп отыр.

25-01-2016-tursinzhan-shapai-1.jpg


Айнаш Есали.


Дерек, сурет: egemen.kz.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар