Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Әкім Тарази ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына 10...

27.01.2016 5506

Әкім Тарази ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына 1000 жуық кітабын сыйға тартты

Әкім Тарази ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына 1000 жуық кітабын сыйға тартты - adebiportal.kz


IMG_9306.JPG

Бүгін жазушы, Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әкім Тарази ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына өзінің жеке кітапханасында сақтап келген мыңға жуық кітабын сыйға тартты.


Айта кетейік, Әкім Тарази студенттік жылдарынан кітаптар жинай бастаған. Әр жылдарда жазушы кітапханасы әдебиеттермен, ең алдымен, көркем туындылармен және тарих, философия, тіл білімі бойынша ғылыми-танымдық еңбектермен толықтырылды. Топтаманың басым бөлігі қазақ ақын-жазушыларының, көрнекті қоғам және саясат қайраткерлерінің шығармаларынан, Қазақстан тарихы, мәдениеті туралы кітаптардан тұрады. Сондай-ақ мұнда шетел әдебиеттері де баршылық. Топтамаларға қосымша Әкім Таразидың мемориалды экспонаттары: жазу үстеліне арналған жиынтық, плакат, баспа машинкасы, папка және жазу құралы да бар.


«Оқы, оқы және оқы» деген ардақты Пайғамбарымыз Мұхамеддің өсиеті. Кеңес заманында оны Ленинннің сөзі деп бұрмалады. Шын мәнінде,  Мұхаммед Пайғамбарымыздың бізге өсиет еткені - оқу, білу. Жастарға айтарым да осы - жалықпай оқыңдар. Мен Толстойдың «Анна Карининасын» екі рет, «Война и Мир» кітабын екі рет қайталап оқыдым. Оқыған сайын қабылдау өзгеше болады», - деп атап өтті Әкім Тарази кеш барысында.


Ә. Тарази өз топтамаларын ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына беруінің басты себебі - кітапхана ұжымы мен белгілі қаламгердің бірнеше жылдан бері шығармашылық байланыста болуы. 2007 жылдан бастап Әкім Үртайұлы «Бір ел – бір кітап» акциясын ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары. Сондай-ақ қаламгер кітапханада өткізілген іс-шаралардың құрметті қонағы болып келді. Бұдан басқа, жазушы кітап топтамалары көпке қолжетімді болып, оқырмандардың белсенді пайдалануына жағдай жасалғанын қалайды.


Кітапханадағы Ақпараттық-библиографиялық сервис қызметінің мамандары Әкім Таразидың шығармашылығы бойынша биобиблиографиялық көрсеткіш әзірледі, көрсеткішке «Әкім Таразидың биографиясы», «Тарази туралы ойлар», «Әкім Таразидың шығармалары», «Әкім Таразидың мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалары» (1969-2015 жж.), «Әкім Таразидың драматургиясы», «Әкім Тарази шетел дерккөздерінде», «Әкім Таразидың аудармалары», «Сценарий авторы – Әкім Тарази», «Әкім Таразидың өмірі мен шығармашылығы туралы», «Электронды ресурстар» атты бөлімдер, сондай-ақ жазушы туралы Интернет ресурстар да кірістірілген. Басылым әдебиеттанушы ғалымдарға, ЖОО мен мектеп оқытушыларына, студенттерге, оқушыларға, кітапханашыларға, сондай-ақ Әкім Таразидың өмірі мен шығармашылығын зерделейтін оқырман қауымға арналады.


Топтамалардың ашылу салтанатына орай, Әкім Таразидың өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

Салтанатты шараға еліміздің зиялы қауым өкілдері және оқырмандар қатысты.


IMG_9330.JPG


IMG_9340.JPG


IMG_9361.JPG


IMG_9436.JPG


IMG_9513.JPG



adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар