Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Ұлттық музей Мұқағалиға арналған әдеби-сазды кеш ұйымдастырады

08.02.2016 317

Ұлттық музей Мұқағалиға арналған әдеби-сазды кеш ұйымдастырады


аааа.png

Ертең, 9-ақпан сағат 15:00-де ҚР Ұлттық музейінде «Тарихи тұлғалар» атты оқу-ағарту бағдарламасы аясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған «Поэзия, менімен егіз бе едің...» әдеби-сазды кеші өтеді.


Кештің басты мақсаты – қазақтың маңдайына біткен ұлы перзентінің туған күнін ескерусіз қалдырмау және сол арқылы музейге келуші қонақтарға әдебиетіміздің алтын қорына енген өнегеге толы ақын өлеңдерін насихаттау.


Қаншама жылдар өтсе де өміршеңдігін жоймай келе жатқан ақынның шығармашылығын кез келген жастағы қазақстандық сүйіп оқиды. Аталмыш кештің өтуі соған бұлтартпас дәлел болмақ.


Әдеби-сазды кеште музейдің жастар театр студиясы поэтикалық пролог жасап, музей қызметкерлері ақынның өлеңдерін орындайды.


Шараға бір топ мәдениет және өнер қайраткерлері қатысады.




Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар