Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ұлттық академиялық кітапханада «Ақселеу әлемі» атт...

23.02.2016 7979

Ұлттық академиялық кітапханада «Ақселеу әлемі» атты кеш өтеді

Ұлттық академиялық кітапханада «Ақселеу әлемі» атты кеш өтеді - adebiportal.kz


24 ақпанда сағ. 15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында белгілі ғалым, этнограф-жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Ақселеу Сейдімбекті еске алуға арналған «Ақселеу әлемі» атты кеш өтеді.


Ақселеу Сейдімбек – Қазақстанның әдебиеті мен өнерін, мәдениеті мен руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосып, төл тарихымызға жарқын қолтаңбасын қалдырған көрнекті тұлға.


Кешке қатысушылар өздерінің баяндамалары арқылы Ақселеу Сейдімбектің асқар талантының қыр-сырын ашып, қаламгердің өмір жолынан естеліктер айтатын болады. Сондай-ақ Ақселеу Сейдімбектің баяндамаларының бейнежазбасы көрсетіліп, әндері орындалады. Бұдан бөлек, «Ақселеу әлемі» тақырыбындағы кітап көрмесінде ғалымның еңбектері ұсынылады.


Кешке Ақселеу Сейдімбектің жұбайы – Орал Омарқызы және қыздары Перизат, Салтанат, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик, Серік Қирабаев, Ақселеу Сейдімбектің жақын досы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Қойшығара Салғараұлы, мемлекет және қоғам қайраткері, түрколог ғалым, академик Мырзатай Жолдасбеков, ақын, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Парламеті Сенатының депутаты, Қазақстан Жазушылары одағының төрағасы Нұрлан Оразалин, филология ғылымдарының докторы, профессор, түрколог ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Төлен Әбдік, ақын, ҚР Мемлекттік сыйлығының иегері Несіпбек Айтұлы қатысады. 



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар