Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
"Әдебиет порталы" "Қазақтың бірлігін ту еткен қос ...

10.03.2016 4390

"Әдебиет порталы" "Қазақтың бірлігін ту еткен қос батыр!" атты жыр бәйгесін жариялайды!

"Әдебиет порталы" "Қазақтың бірлігін ту еткен қос батыр!" атты жыр бәйгесін жариялайды! - adebiportal.kz

12803177_844392335670271_1527545069230652041_n.jpg

WBK тұжырымы бойынша Қытайда өткен ережесіз жекпе-жектен халықаралық чемпионаттың финалына жолдама алған қос қазақ - қазақстандық Айбек Нұрсейіт пен қытай қазағы Ғабит Тұрсынбек бір-біріне жұдырық жұмсамағаны үшін төрешілерден ескерту алып, жарыстан шығарылды. Дегенмен екеуінің мәрттігі мен бауырмалдығы әлеуметтік желіде үлкен резонанс туғызып, халықтың ыстық ықыласына бөленді. Ақын, аудармашы, әдебиеттанушы Жүкел Хамай қос батырға жыр арнап, ел жүрегін одан әрі елжіретті. "Әдебиет порталы" осы үрдісті жандандырып, қазақтың барша ақындарына "Қазақтың бірлігін ту еткен қос батыр!" атты жыр бәйге жариялайды! Айбек пен Ғабиттің ерлігіне арналған жыр додасына қатысамын деушілер өлеңдерін порталдың электронды поштасына (аdebiportal@gmail.com) жібере алады. Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында бәйге қорытындысы шығарылып, ең үздік үш өлеңге арнайы сыйлықтар беріледі. 


Бұл игі іске қолдау көрсетіп, демеушілік жасаймыз деген қалталы азаматтар болса, портал әкімшілігіне хабарласуға болады. 



Біздің мекен-жайымыз: Қазақстан Республикасы, 
Астана қ., Орынбор көшесі, 8 «Министрліктер үйі», 3-кіреберіс. 

Тел: +7 (7172) 79 82 12, +77017098882. Эл. пошта:  adebiportal@gmail.com








ҚОС БӨРІ 



(Айбек пен Ғабитке)



Қарсы ұрса, 
Қалың Ел - Қазағының 
Қаған тағы тайып кетердей, 
Қандасының қабырғасынан ұрса, 
Қара аспан төңкеріліп, 
Көк байрағы құлап кетердей-
Қос бауыр -
Қос бөрі.
Бірін бірі аялап,
Екпінді соққыларын
Елдігіндей сақтап, 
Жасырғанын,
Құмырсқадай қаптаған, 
Бөгденің бөтен жұртында!

Алашының абыройын көтеріп, 
Ақылы бәсіреге бармай, 
Атқа қонған көненің баһадүрлеріндей 
Қас жауына ғана жұмсар кектерін  
Көкіректеріне сақтап қалғанын!


Қаумалаған  
Қалыңның ырқына көнбей, 
қасарысып. 
Қазағының байрағы 
Қандай биікте болмағын, 
қастарына танытып. 
"ҚАЗАҚ" деген намыстың 
Өрде болатынын  
көрсетіп, 
Алты құрлыққа әйгілеп, 
Айдарынан жел есіп, 
Аттар қадамын шегеріп, 
Аманатты жерімді 
Аспандатып тастағанын, 
АЙНАЛАЙЫН, ҚҰЛЫНДАРЫМ!


Қарсы ұрса,  
Қалың Ел - Қазағының  
Қаған тағы тайып кетердей,  
Қандасының қабырғасынан ұрса,  
Қара аспан төңкеріліп,  
Көк байрағы құлап кетердей, 
ҰЛАНДАРЫМ!


Жүкел ХАМАЙ









ерлер.jpg 

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар