Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Кітапхана – оқу-ағарту һәм ғылым ордасы...

28.03.2016 3865

Кітапхана – оқу-ағарту һәм ғылым ордасы

Кітапхана – оқу-ағарту һәм ғылым ордасы - adebiportal.kz




Ulttyk-kitapkhana.jpg



Қазақ әдебиетінің алып бәйтерегі, әйгілі жазушы Әбіш Кекілбайұлының риторикасына сүйенсек, «Кітапхана – адамзат миына қойылған ең ұлы ескерткіш. Талай адам бұл дүниеден өтсе де, оның миы әліге дейін өз қызметін тоқтатқан жоқ. Бүгінгі ұрпақты иландырады, толғандырады, талай қауіп-қатерден сақтандырады және ұмтылдырады. КІТАП пен КІТАПХАНА бар жерде ұрпақтар арасында жалғасып жатқан интеллектульдық ұлы серпін ешқашан тоқтамайды».


Арғы тарихынан-ақ кітапхана – оқу-ағарту және ғылым ордасы.

Ал осыдан он екі жыл бұрын дүниеге келген Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының қоғамдағы қызмет аясы кеңейе түсті.


Кітапхананың басты міндеті – пайдаланушылардың ақпараттық сұранысын орындау. Оқырмандар өзін еркін сезінуге жағдай жасау.


Бүгінде ғаламшардың ғаламат желісі Интернетке ену отандастарымыздың өміріндегі үйреншікті құбылысқа айналды. Кітапханалар үшін Интернет – оқырмандарға қызмет көрсететін қосымша құрал. Теңдессіз технологиялар дәуірінде кітапхана қызметін компьютерсіз елестету мүмкін емес. Осылай, озық технологияның арқасында кітапханалық қорды сақтаудың жаңа жолы табылды. Бұған дәлел, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының жобасы – «Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана» порталының құрылуы.


Кітапханамызда оқырмандарға қызмет көрсететін 14 бөлім бар. Оған қоса, арнайы іс-шаралар өткізілетін 8 зал жұмыс істейді.

Орайы келгенде жаңадан ашылған орталықтарды атай кетсек, олар: Кітап мұражайы, «М. Жолдасбековтың мемориальды кітаптар топтамасы» залы, «Абай» академиялық залы, «Шаңырақ» балалар шығармашылығын дамыту орталығы, Ғылым, менеджмент және маркетинг қызметі, «ТӘЖ» әдеби-интеллектуалды клубы, Қазақстан халқы Ассамблеясы залы, Қазақфильмнің алтын қорларын насихаттауға арналған кинозал, Жастар мультимедиялық залы, Мемлекеттік қызметкерлерге арналған Оқу залы және «Конституция» залы.


БОЕВЫЕ ШЛЕМЫ обложка.jpg

Екіншіден, Ұлттық академиялық кітапхана қызметіндегі аса маңызды бағыттың бірі – бұл ғылым. Кітапхана ұжымы ғалымдармен белсенді байланыс жасауда. Ғалымдар ғылыми жұмыстарға тартылуда. Айталық, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен өткен жылы Қазақстан Суретшілері Одағының мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты, белгілі суретші әрі қару зерттеуші-этнограф ғалым Қалиолла Ахметжанмен жұмыс жасай отырып, «Боевые шлемы казахов», «Воинские доспехи казахов» деген кітаптары әзірленіп, баспаға ұсынылды.


Доспехи обложка1.jpg

Сонымен қатар, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті жанындағы Отырар кітапханасының ұжымы бірлесіп, Құрбанғали Халидидің «Тауарих Хамса» атты еңбегін қайта қарастырып, баспаға ұсынды.


Халиди обл.png

«Қ. Халидидің бұл еңбегі орта түрік немесе шағатай тілінде жазылған. Ал бұл тілде араб тілінің басымдылығы байқалады, одан кейін парсыша, қазақша, түрікше, өзбек, татар, башқұрт т.б. түркі сөздері кездеседі. Аталмыш еңбек бізге дейін де қазақ тіліне аударылып, кирилл әрпімен және төте жазумен жарық көрді. Дегенмен, осы екі нұсқа толық емес. Соған байланысты біздің алдымызда «Тауарих-и хамсаны» Қазан нұсқасынан жолма-жол аудару, транскрипциясын жазу және мәтінді қолжазбамен салыстыру міндеті тұрды. Әрине, кітапты аудару кезінде сөздікке мұқтаж болдық. Сондықтан да, ең адымен, арабша-орысша, одан кейін парсыша-қазақша сөздіктерін негізге алдық. Алайда, көп жерде көне түрікше, ескірген қазақша сөздер шығып отырды. Кей кездері жер-су атаулары мен адамдардың есімдері де кездесті. Ал еңбектің шағатай тілінде, араб жазуымен жазылуы жоғарыда аталған сөздерді дұрыс оқуымызға кері әсерін тигізді», – дейді Шыңғыс Бегімтаев, түркітану магистрі, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Шығыстану кафедрасының оқытушысы.


Биыл Ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл толады. Осыған байланысты ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті жанындағы Отырар кітапханасының ұжымы бірлесіп, «Национально-освободительное движение 1916 г. в Казахстане» деген кітаптың үш томын (кітап төрт томнан тұрады) ғылыми айналымға әзірлеп, баспаға ұсынды.


Болек батыр.jpg

Бұдан бөлек, кітапхана басшысы Үмітхан Дәуренбекқызының «Бөлек батыр» атты кітабы да жарық көрді.


Төл тарихымыздағы ерекше бір кезең – «Аңырақай шайқасы». Жоңғарлармен жойқын шайқаста Алаш атын асқақтатып, Ұлы жеңіске жеткізген Бөлек батырдың ерлігі – елге, ертеңгі ұрпаққа ұран!


Жинақта Бөлек батырдың ерлік әрекеттеріне, сондай-ақ соғыс кезінде қаһарман тұлғаның өзі киген және бүгінге жеткізілген дулығасына қатысты тарихи танымдық деректер берілген.


обложка.jpg

Кітапхана басшысының келесі кітабы – «Кітапхана педагогикасы» деп аталады. Автордың бұл еңбегі қазақ және орыс тілдерінде баспа бетін көріп, қазақстандық кітапханашылар тарапынан зор сұранысқа ие болып отыр.





Айсұлу Сейілова



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар