Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Дарабоздан дара шық!...

03.05.2016 3483

Дарабоздан дара шық!

Дарабоздан дара шық! - adebiportal.kz




Дарабоз1.jpg


Қазақ балалар әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан халықаралық «Дарабоз» жабық бәйгесі биыл он бірінші рет өткізілмекші. Сол себепті, «ZHERSU» корпорациясының демеушілігімен өткізілетін бәйгенің талаптарын жария етеміз.


Конкурсқа балаларға арналған, қазақ тілінде жазылған шығармалар қабылданады. Бәйгеге кәсіби қаламгерлермен қатар жас жазушылар, мектеп оқушылары және шетелдегі қандастарымыз қатыса алады. Тек шығарма бүгінгі қазақ әліпбиімен, яғни «кириллицамен» жазылуы міндетті.


Жанрлар: поэма, өлең, повесть, әңгіме, ертегі.


Бәйгеге қатыстырылатын өлеңдердің (өлеңдер топтамасы) көлемі 5 беттен, поэмалардың көлемі 7 беттен, әңгіме (әңгімелер топтамасы), ертегілердің (ертегілер топтамасы) көлемі 10 беттен, повестердің көлемі 20 беттен аспауы тиіс.


Үміткерлер шығармаларын компьютерде 14 кегльмен теріп (аралық интервал 1,5), үш дана етіп, бүркеншік атпен жолдауы тиіс. Ал үміткерлер туралы толық мәлімет (автордың аты-жөні, мекен-жайы, байланыс телефоны) бөлек кішкентай конвертке салынып, шығармамен бірге жолданады.


Үздік шығармаларға төмендегідей бәйге беріледі:


Бас бәйге (біреу) – 1000 000 теңге;


І орын (біреу) – 700 000 тенге;


ІІ орын (біреу) – 500 000 тенге;


ІІІ орын (біреу) – 300 000 теңге.



Шығармалар 2016 жылдың 15 мамырына дейін қабылданады. Өтінішті www.daraboz.org сайты арқылы, сонымен қатар info@daraboz.org электрондық поштасына және төмендегі мекен-жай бойынша жіберуге болады: ин. 050031, Алматы қаласы, Төле би көшесі, №302 а үй, 209 кабинет, «Дарабоз» бәйгесіне. Бәйге қорытындысы Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында шығарылады.


Қазылар шешімі талқыланбайды. Жүлде алған туындылар арнайы жинаққа топтастырылып, кітап етіп басылып, балабақшаға, мектеп кітапханаларына тегін таратылады.




Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің ұйымдастыру тобы.


Қосымша ақпарат: +77079109991

+7(727)3300143


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар