Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
М. Әуезов театр қызметкерлері «Еңлікгүл – 2016» сы...

31.03.2016 4405

М. Әуезов театр қызметкерлері «Еңлікгүл – 2016» сыйлығымен мараппатталды

М. Әуезов театр қызметкерлері «Еңлікгүл – 2016» сыйлығымен мараппатталды - adebiportal.kz

Театр-24

«Еңлікгүл» Кәсіби театр өнер Сыйлығын Қазақстан Театр қайраткерлері Одағы 2010 жылы тағайындады. Театр өнерінде қол жеткізген жылдық шығармашылық табыстары үшін берілетін кәсіби сыйлық конкурс ретінде қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардың қатысуымен халықаралық театр күніне орай тапсырылып келеді. Қазақстан Театр Қайраткерлері Одағы 27 наурыз Халықаралық театр күніне орай дәстүрлі «Еңлікгүл – 2016» Театр өнерінің Кәсіби Сыйлығымен марапаттау рәсімін өткізді. Салтанатты кеш 2016 жылы 28 наурызда сағат 17.00-де М. Лермонтов атындағы мемлекеттік акадамиялық орыс драма театрында өтті. Биыл алтыншы рет өткізілген «Еңлікгүл» Сыйлығының бәйгесіне Республикамыздың мемлекеттік және жеке театрлары қатысты. Биылғы жылы Қазақстан Театр Қайраткерлері Одағы «Еңлікгүл» Театр өнерінің Кәсіби Сыйлығын мына номинациялар бойынша ұсынды:


  •  

  •  

  •  

  •  
  • «Жыл актері»
  • «Жыл актрисасы»
  • «Жыл режиссері»
  • «Жыл театр суретшісі»
  • «Театр өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін»
  • «Жылдың опералық (оперетта), балеттік партиясы»
  • Балаларға арналған спектакльдегі жылдың шығармашылық жұмысы»
  • (қуыршақ, балалар және жасөспірімдерге арналған қойылымдар)
  • «Жыл театр суретшісі»
  • және жеті Ынталандыру сыйлығы :
  • «Жыл драматургы»
  • «Жылдың театртанушылық мақаласы»
  • «Жылдың театр менеджері»
  • Жылдың музыкалық көркемдеушісі»
  • «Театр оркестрінің жыл артисі»
  • «Жылдың суретші – гримері»
  • «Спектакльді жарықпен көркемдеу»


 

Театр-115

«Еңлікгүл – 2016» қорытындысында «Жыл драматургы» номинациясымен М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының редакторы Әннас Бағдат марапатталса, театрымыздың «Баспасөз қызметі» бөлімінің жетекшісі, театртанушы Салтанат Әбілғазиева Халықаралық театр күніне орай, Қазақстан Театр қайраткерлері Одағы және «Театр.kz» журналымен тығыз қарым-қатынас түзіп, сахна өнерінің дамуына айрықша үлес қосқаны үшін «Еңлікгүл» кәсіби Сыйлығының арнайы Құрмет грамотасымен мараппатталды.


 

Жеңімпаз атанған барша әріптестерімізді құттықтай отырып, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, бірлік, еңбектеріне шығармашылық табыстар, игі істер мен жаңа бастамаларына сәттілік тілейміз!


 

Дайындаған Қымбат СМАҒҰЛОВА


 

auezov-teatr.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар