Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Бұл кітаптар әлемі...»...

31.03.2016 8815

«Бұл кітаптар әлемі...»

«Бұл кітаптар әлемі...» - adebiportal.kz

 


Астанада кітап айлығына арналған баспасөз конференциясы өтеді


1 сәуірде сағ. 10.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Бұл кітаптар әлемі...» атты Кітап айлығына арналған баспасөз конференциясы өтеді. Айлық ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлт Жоспары «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Болашақ Біртұтас Ұлт» бағытын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар аясында және Халықаралық балалар кітабы күні мен Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күніне орай өткізіледі.


Іс-шараның негізгі мақсаты – қазіргі социомәдени кеңістікте кітапқа назар аударту, оқу ісін ілгерілету. Айлық кітаптың, мәдениет пен білімнің мән-маңызын айрықша көрсетіп, ғалымдардың еңбектерін, қаламгерлердің шығармашылығы мен мерейгер-кітаптарды насихаттауға үндейді.


Бүгінгі күнде де Оқу жеке тұлғаның зияткерлік және рухани дамуының маңызды элементі болып қала береді. Бұл туралы Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев 2014 жылғы 22 желтоқсандағы отандық жетекші телеарналар өкілдерімен кездесуінде былайша баяндаған еді: «Мен қазақстандықтарға, әсіресе жастарға тағы да айтамын: кітап оқыңыздар! Бүгінде ұлттың бәсекеге қабілеттілігі оның білім деңгейіне байланысты. Кітап адамды жан-жақты дамытады, ой-өрісін кеңейтеді».


1 сәуірден бастап, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 40-тан аса іс-шара өткізіледі. Бұл 15 кітап және виртуалды экспозициялардан көрмелер, абайтанушы, шәкәрімтанушы, ақын, жазушы, драматург, ҚазССР әнұранының авторы Қайым Мұхамедхановтың 100 жасқа толған мерейтойына байланысты «Алаш мұрасының көзі» тақырыбындағы еске алу кеші, «Әдеби мейманжайдағы» зиялы қауыммен оқырмандардың кездесуі, мерейгер кітаптар – Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа» романының (90 жыл), Әкім Таразидың «Құйрықты жұлдыз» (50 жыл) повесінің, Әнуар Әлімжановтің «Сувенир из Отырара» (50 жыл) повесінің бенефисі, «Тәуелсіз Қазақстан Энциклопедиясы» интернет-жобасының тұсаукесері, «Сөздіктер және сөздік ісінің дамуы» тақырыбындағы дәріс, «Менің сүйікті шығармам» атты кітап конференциясы, «Менің өмірімді өзгерткен кітап» оқырман бенефисі, балалар кітабы апталығы, «Дәуір және Тұлға. З. Шашкин – жазушы, дәрігер, драматург» тақырыбындағы дөңгелек үстел, ақын Г. Домалайқызының «Махаббат пен ғадауат» кітабының таныстырылымы, Халықаралық балалар кітабы күніне байланысты Астана қаласындағы Хэйлибери Астана Халықаралық Ұлыбритания мектебінің әдеби фестивалі және т.б.


Баспасөз конференциясына зиялы қауым өкілдері, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Ү. Д. Мұналбаева және Бөлім жетекшілері қатысады.


Баспасөз қызметі: Зухра Баянова

байл.: 47 26 68, 8 702 221 42 68


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар