Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Дидар Амантайдың мәлімдемесі...

16.04.2016 3300

Дидар Амантайдың мәлімдемесі

Дидар Амантайдың мәлімдемесі - adebiportal.kz


Дидар Амантай.jpg



Не болып жатыр? Таласбек ағам, Таласбек досым өмiрден озды, Әмiрхан Балқыбек арамыздан кеттi. Жалғыз қалдық, бiрақ бармыз...

Рас, Бағашар бала 2011 жылы КазГУ-де менiмен кездесу болғанда "Гүлдер мен кiтаптар" туралы өресi жеткенше жап-жақсы баяндама жасаған болатын. Есiмде...

Сол Бағашардың "Гүлдер мен кiтаптар" туралы жасаған баяндамасын тақау арада жариялаймын...

Бiрақ, иә, бiрақ, бағы ашылмаған Бағашарға жауап жазып бағын ашқым келмейдi. Әдеби сауаты жоқ, ең құрымаса, шетел қаламгерлерiнiң аты-жөнiн де қатесiз жаза алмайтын сыншымыз "Гүлдер мен кiтаптарда" ананың-мынаның ықпалы бар деп бал ашып, сәуегейлiк жасапты: сонда романды оқып пiкiр айтқан елдiң бәрi ақымақ та, тек ол ғана ақылды екен. Бұл кiтапта Таугүлдегi үйiмнiң ғана ықпалы бар. Мен философиялық факультеттi бiтiрген маманмын, сондықтан менiң жазғандарым Әмiрханда жоқ, ал түркология саласымен мен де айналысқанмын. Шыңғыс Айтматов "Тарғыл төбетiң" "Шал мен теңiзге" елiктеп жазған, ал Хемингуэй "Моби Дикке" елiктеген, Герман Мелвилл өз кезегiнде Шекспир шығармаларына елiктеген, әдебиеттiң тарихын бiлмейсiң, несiне пiкiр айтасын!


Досым Әмiрхан марқұмға "Әу-уп" туралы аңызды екiншi досым Дәурен Қуат айтып берген болатын. Мен Әмiрханға бұл аңыз туралы бiр сөйлем романыма саған кұрмет ретiнде қосамын дедім, ол сөз романда үлкен рөль атқарып тұрған жоқ. Алып тастасаң да ештеңе өзгермейдi. Ал мен жазатын тұс, тiптi, басқа: мен оны фашистердiң адамды қинайтын тәсiлiнен алдым. Онда олар адамды не тұра алмайтын, не отыра алмайтын қылып кояды екен. Қорлықтың үлкенi.


Сондықтан, күйе жағып қажет емес, бал ашып қажет емес. Қаламгер Шыңғыс повесiнiң түк қатысы жоқ. Мен сол кездегі өз өмірімді жаздым. Дәурен Қуат куә. Бұл кiтапта Ғалымжан Мұқанов тағдыры да бар. Толған жала екен. Мақсатты түрде жазылған мақалаға ұксайды. Қазір мен үш кітап шығарамын. Әмiрхан Балқыбек марқұм "Гүлдер мен кiтаптар" туралы жазамын, Сен - генийсiн", деп айтқан едi. "Ты - боец, қорықпайсың",- дегенi тағы бар... Бұл айтқан бiрнеше адам бiрiгiп жазған ұжымдық мақала сияқты көрiнедi екен, негiзiнен, маған қарсы, маған күйе жаққан әдiлетсiз сөздер... Бағы ашылмаған Бағашарға жауап жазып бағын ашқым келмейдi. Бағашар - бiздiң деңгей емес. Мен майдан ашқан кез келген аярдын аяусыз шапқыншылығына дайынмын. Құдайға шүкiр, интернет бар, әлеуметтiк желiлер көп. Бұрынғы заман емес!



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар