Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Cовет‑Хан Ғаббасов: "Абай және Қазақ елінің болаша...

03.05.2016 3500

Cовет‑Хан Ғаббасов: "Абай және Қазақ елінің болашағын" - оқы

Cовет‑Хан Ғаббасов: "Абай және Қазақ елінің болашағын" - оқы - adebiportal.kz


советхан.jpg

Біраздан бері арнайы көңіл бөліп... белгілі қоғам қайраткері, экономист ғалым, тұлғалы азаматымыз ОРАЗАЛЫ СӘБДЕН мырзаның - " АБАЙ және ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ БОЛАШАҒЫ" (А.2016ж.) - атты кітабын жан-жақты талдап... тарата оқып, сан-сала ойлар түйінделді. Сөз жоқ, шығарманың оқырманына айтары да... шартарапқа жетелер идеялары да жетерлік... Жалпы, автор - ғылыми еңбегінің тақырыптарын - "Бірінші сөз" ден - Он бесінші сөз ге" дейін - бүгінгі қоғам жайлы айтпақ ОЙЛАРЫ мен МАЗМҰНЫН... Ұлы Абайдың "ҚАРА СӨЗДЕРІМЕН" құндақтап... жетілдіре жеткізуге тырысқаны, ой өрнектерінен көрініп тұр. Оқырман қауым кітапты оқый отырып... мынау "нарықтық қоғамның" әлі де белгісіздеу - қырлары мен сырларына қаныға түсіп, телегей терең тұңғиықтарға үңілгендей күй кешеді. Бұл еңбектің басты ерекшелігі... "табиғи ғылым" мен "рухани ғылымды" үндестіру арқылы, осы кезге дейін, "аярлығы ашылмаған капиталистік қоғамның" жексұрындықтарын да... мүлдем жаңа түйіндермен әшкерелеуге тырысады. 


Бұл экономист ғалымның - өзіне тән жетістіктері екені анық. Тек, ғасырлар бойы келе жатқан - "қоғам тағылымы" мен "адам тәрбиесіндегі" - кемшіліктерді... бұрынғы "тәрбие тәсілдері" мен " ескі түсініктер" арқылы түзеуге болмайтынын, ғалым Оразалы дәл басып аңғармаған тәрізді. Сондықтан, ғылыми еңбектегі жетістіктерді ғана желбірете бермей... мұндағы кетіктерді де толтыруға, өзімізше "ат салыстыру" мен "пікір қосуды" жөн көрдік...


Кітап үш бөлімнен тұрады.


- Шығарманың - І-ШІ БӨЛІМІН де - ОРАЗАЛЫ өзінің - "...он бес сөзін" - Абайдай әулиенің "ҚАРА СӨЗДЕРІНЕ" сүйене талдап, бүгінгі ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫ мен АДАМНЫҢ РУХАНИ ТӘРБИЕСІ жайындағы құбылыстарды - жаңаша мазмұндаған - ҰСЫНЫСТАРМЕН - қортындылапты.


- Шығарманың - ІІ-ШІ БӨЛІМІН де - " ТАРИХИ ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР" - деп, ертеде өткен даналардың іс-әрекеттерін қысқаша баяндап... аты-жөндерімен ;


- "ТАМИРИС ханша (б.ж.с.д. 570-520) ...


- "АТТИЛА патша (406-453) ...


....................................................................


- "ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВ пен... (1928-2008) аяқтапты.


- Шығарманың - ІІІ-ші БӨЛІМІН де - "АБАЙ және ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ БОЛАШАҒЫ" туралы кітапқа жазылған пікірлер - беріліпті.


(Академиктер-Ә.Қайдар,Т.Кәкішев,С.Қирабаев,А.Қошанов,М. Мырзахметұлы, ғалым-филолгтар -Т. Тоқтаров, А. Осман, Ж. Шойынбет, М. Әліпхан, Х. Ғабжалилов).


Міне әңгімелемек кітабымыздың ҚҰРЫЛЫМЫ осылай болғанда, енді аздап МАЗМҰНЫНА тоқталмақпыз. Жалпы СӘБДЕН ОРАЗАЛЫ ғұлама бұл еңбегінде - талдау - пікірлесу - ұсыныс жасау - формасында... мәселені жаңаша ашуға тырысқаны аңғарылады. Шығармадағы - "...СӨЗ..." - деп берілген әр "ТАҚЫРЫПТЫ" жіліктей талқылау... тым ұзақ-сонарға алып кететіндіктен, оқырманның өзіне қалдырдық. Сондықтан да, әр тақырыпқа қойылған - "мақсат" пен "жауапты " ғана бір-екі мысал ретінде көрсеткенді жөн көрдік...


Мәселен, "БІРІНШІ СӨЗ" де ; - "Дүние жүзі қайда бағыт алды ?" - деген сұрақты талқылай келіп;


- "...Біріншісі, дамыған Елдер тек баюды ойлап... жалпы экономиканы дамытуды өзгеріссіз, тек бизнесті жүргізу әдісімен ғана жасап отыр. Нәтижесі -дүниежүзілік дағдарыс...


- "...Екіншісі, дер кезінде қоғамдық трансформация жасау, бұл- кезек күттірмейтін іс.


- Сол арқылы - әлемдік психология мен руханиятты - өзгерту керек.


- ...Халық үшін бар байлығымызды тиімді пайдалану... олай болмаса, алпауыттарға жұтылып кетуіміз мүмкін"..., - дегенді айтады.


- Иә-ә, шындығында да ойланатын да түйіндейтін толғаныстар екені анық.


Тағыда бір келесі тақырыпты мысалға алып көрсек - "ЕКІНШІ СӨЗ" де ;


- "Біз кім едік ?

- Қазір кімбіз ?

- Қайда бара жатырмыз ?

- Алда не күтіп тұр ?" - деген сұрақтарды жан-жақты талдай келе былый қортындылап ;


- "... Жер.., қазба байлығы жағынан... дүниедегі ең бай мемлекеттердің біріміз, ендеше неге - КЕДЕЙ - тұруымыз керек ? - деп тұжырымын сауалмен тәмәмдайды...


Ал - "Т Ө Р Т І Н Ш І С Ө З де" - "Рухани құндылығымыз қандай, қазір қай деңгейде, оны қалай жаңғыртамыз" - деген мәселеге жауап іздейді...


-"Әділет пен ақылға,

Сынатып көрген-білгенін,

Білгізер алыс жақынға

Солардың сөйле дегенін.


АБАЙ.


Оразалы Сәбденұлы өз ұсынысын ;


- "Осы орайда Түркістанды рухани астанаға айналдыру идеясын алға тартпақпын [7]. Қысқаша айтсақ, бұл мегажобаның аты - "Түркістан өңірі" рухани - жаңа технологиялық кластрын құру - Қазақстан қоғамын ізгілендіру туралы - Идея" - деп түйеді. Мұны ғалым... 6-түрлі мәселеге жіктелген ұсыныстармен іске асыруға болатынын дәлелдеуге тырысады. Оқып көрген жөн ?!..


....................................................................................................................................................................................................


- Міне осындай сұрақтар мен талдаулардың - әлеуметтік - рухани - экономикалық - қоғамдық және адами фактілері - жіктеле-жіліктеліп... оқырманын ойға жетелейді. Әйтседе, мені қызықтырған мәселе... ғалымның осы "Төртінші сөзінде" айтылатын, бүгінгі және ертеңгі уақыттағы - адамзат тәрбиесі - жайлы толғаныстарына келісе отырып... мүлдем жаңаша пікір айтып толықтырғанды жөн көрдім...


- Себебі, уақыт тынысымен эпоха ауысуына байланысты... адам баласының жандүниесіндегі өзгерістерді ескеріп, ұрпақты бұрынғы тәсілдермен және ескі технология арқылы тәрбиелеудің берері аз демекпін. Тіпті, оның жағымсыз көріністері... адамзат деңгейінде, қазірдің өзінде-ақ қатты байқалып отыр. Мысал ретінде айтсақ, ХХ-ғасырдың ортасында... аурудың түрлері жүзден (100) аса ғана болса, былтырғы (2015ж) статистика бойынша мың жеті жүзден (1700) асатыны айтылып, жаңа туып жатқан балалардың - ағзасындағы ақаулары - қырық бес ( 45-46% ) пайызға дейін өскендігі айтылады. Міне, бұл деректерден - адамзат қауымының ... өмір сүру өрнектері мен рухани тәрбиесіндегі - аса ауыр да ауқымды кемшіліктері анық байқалады...


- ОРАЗАЛЫ СӘБДЕН ұлының - ойларын тарата-талдай келе, бүкіл дүниежүзі ерекше мән берген... кешегі 2012 жылғы - "Мая каленьдарында" - көрсетілген... эпоха ауысуынан бастап, адам тәрбиесі - "тән құмарлығынан" аттап... енді "жан құмарлығына" ауысатындығы, келер дәуірдің басты жаңалығы болмақ...


Осы жаңа эпоханың ауыспалы кезеңі өтісімен-ақ, адам рухының мәні - тәнінде емес, негізінен жанында екендігі анықталуда ?!.. Жанның - 12 мүшесі, яғный арналары - түйсік, ұят, сүю, мінез, зерде, табиғи қабілет, жігер және ішкі бес сезім - ғасыр басында ашлып ғылыми дәлелденді. Сөйтіп, адамзаттың келешегі - міндетті түрде "алтыншы рассаға"- ауысатындығымен ерекшеленбек. Ал - "Алтыншы рассаның" - тәрбиесі... бүгінгіден мүлдем өзгеше, тікелей "жан тәрбиесі" мен "тән тәрбиесінің" үндесуімен жетілетіндігі ғылыми тұжырымдалды...


Оны - "Адам тәрбиесінің жаңа ілімі" - атандырып... педагогикадан докторлық қорғаған, осы мақаланың иесі - академик Совет-Хан Ғаббасұлы - ғасыр басында-ақ дәлелдеген. Тіпті, бұл идеяның механизмдерімен дүниеге келген... мыңдаған балалардың өмір сүріп жатқанына да, ширек (25) ғасырдай мезгіл болып қалды.


Бұлардың - барлығы да, табиғи таланттар ?! Бүгінде республикаға белгілі - бала Жамбыл мен төрт рет чемпион болған шахматшы Жансаяны - білмейтін адам аз деседе болады. Енді, қысқаша болса да - "адам тәрбиесінің жаңа іліміне" - тоқталып көрелік. Өйткені - Адам тәрбиесі жетілмей - қоғамдағы - ізгілікті өркениеттің - дамуы мүмкін емес...


Ұлт тағдыры – ұрпақ тәрбиесінде.


Тәуелсіздік құдіретімен алғаш рет ‑ ұрпақ тәрбиесі мен білім беру түйінін шешуде, жалпылама сөз бен жаттанды ұғымдардан тыйылып, жаңаша түсініктерге жол ашқан жөн. Үш жүз жылғы бодандықпен –«зомбыланған рухымызды» ‑ тіктеп, әлем халқын адастырып отырған ‑ «Европацентризм методологиясының» ‑ жалғандығын ашатын мезгіл жетті. Оның тікелей ықпалымен, бүкіл адамзат қауымы азып отыр. Олай болса, бірден «Европацентризмнің» ең негізгі кемшіліктеріне тоқталмақпын.


Біріншісі, адамда бар үш жүйенің – Тән – Жан – Рух – үндестіктерін әдейі... үндестірмей ажырату арқылы, бүкіл өркенниетімізді, тек тән тәрбиесіне байлап, жан мен рухтың тәрбиесі түгіл, тіпті оның өзінің не екенін ұғындырмауға тырысты. Бүгінгі шәкірттер түгіл... ұстаздардың өздері ‑ Жан мен Рух – дегеніміз не десе, нақты жауап бере алмайды. Ендеше, айтыңыздар шы ?!?.. Жаны мен рухы тәрбиесіз адамнан не күтуге болады ?..


Екіншісі, Джон Локк, Песталецц, Макаренкодан бастап, ‑ «баланың миы дүниеге келгенде ақ қаздай аппақ болып туады» ‑ деп жалған айтумен қоса.., тіпті Джон Локк ‑ «идея врожденная» ‑ деген Рена Декартқа қарсы шықты...


- Сонда қалай ?

- Ойланыңыздар шы ?


- Бала ана құрсағында – «бір клеткадан мынау адамдық формаға дейін жетіліп, жүрек, бауыр, зат алмасу қызыметтері қарқынды жүріп жатқанда, мидың еш қимылсыз болуы» ‑ «ақ қағаздай аппақ күйі» ‑ тууы мүмкін емес қой. Ендеше, Рене Декарттың «идея врожденная» деуінің астарында телегей теңіз сыр жатқанына сенбеске болмайды. Джон Локктың «жалған үкімін» пайдаланған «Европацентризм» бүгінге дейін бізді алдап келді. Осыншама қасиетсіздіктің салдарынан адамзат қауымы ‑ «ана құрсағындағы тәрбиені» ‑ білмегендіктен, ұрпағымыз Жан мен Рух тәрбиесінен мүлдем қағаберіс қалып отыр. Себебі, жан мен тән тәрбиесі де, және ол екеуінің үндесуі де, тек «ана құрсағында» ғана жүретіні ғылыми дәлелденген құбылыс! Ендеше, ұрпақ тәрбиесіндегі, осыншама апаттың үлескері де, «европацентризм методологиясы» болып табылады.


Үшіншісі, бүгінгі біздер пайдаланып жүрген педагогика мен психология да, «европацентризмнің» қалыптастыруымен ‑ дүниеге жаңа келген баланы - «тұлға» - деп түсіндіреді. Бұл да өрескел өтірік.


- Бұған сену мүмкін бе ?

- Қараңыздар шы ?

- Халқымыздың данышпаны ұлы Абайдың тұлғаға жету жолын, кемеңгер жазушымыз М.О. Әуезов төрт томдық эпопея етіп жазуы, тіпті де бекер болмаса керек. Кешегі Ахмет Байтұрсынов, Барлыбек Сырттанов, Мұстапа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев, Әлихан Бөкейхановтардың азаматтық жолдары мен тұлға болып қалыптасу кезеңдерін өздеріңіз де жақсы білесіздер ?!..


Ендеше, туасалған баланы - тұлға - деу «европацентризмге» не үшін керек болды екен?!?.. Өйткені, «европацентризм методологиясы» әуелбастан‑ақ «империялизмнің ілімі» болып қалыптасқандықтан, олар үшін адамзат ұрпағының дұрыс жолмен тәрбиеленуі еш қажеттілікке баланбады. Мінеки, «европацентризмнің» басқа қателіктерін айтпай‑ақ, ең өрескелінің өзі апат екені ешкімге құпия емес. Ендеше, мынау «жарамсыз методологиядан» құтылып, табиғат «бос кеңістікті» сүймейтінін ескеріп, бұл мәселе тез арада шешілуі тиіс.


Сонымен, бүгінгі білім саласында пайдаланып жүрген - Педагогика мен Психологияның ғылыми – Методологиясы – Жүйесі – Негіздері – жоқ екеніне, сындарлы түрде қарайтын мезгіл жетті. Егер Аристотель мен Фарабидің ғылыми класификациясына құлақ ассақ; ‑ «...Кезекелген Пәннің негіздері, оның ішінен шықпаса, ол ғылыми Пән болып дамый алмайды,» ‑ деп үзілді‑кесілді үкім айтады. Ендеше, айтып жүрген Педагогиканың негіздері – оқыту – білім беру – тәрбиелеу – деген ұғымдардың сырттан келіп тұрғаны айдан анық. Өйткені, бала тәрбиесіндегі ‑ «түйсіктік ақыл мен түйсіктік тәрбиенің» - 80%-пайызы ана құрсағында» қалыптасатындықтан, іште жатқан жан‑иесіне – «оқыту, білім беру» ‑ тіпті де мүмкін емес екендігі, ғалым түгіл қарапайым адамғада түсінікті. Осындай сорақылықты анықтағаннан кейін, не істеуіміз керек ? Әрине, сөзсіз тіршілік заңына сүйене отырып, ұрпақ тәрбиесінің дұрыс жолын табу қажет...


Олай болса, тәуелсіздікпен бірге келседе, көшірмеліктің көлеңкесінде қалған, ‑ «Адам тәрбиесінің жаңа ілімін» ‑ осы мақалада қысқаша талқылауға ұсынамын. Оның бұрын‑соңды айтылмаған екі сатылы ‑ Методолгиясы – «биологиялық индивид (тіршіліктің түрі)» және «сананы жетілдіру» ‑ болса, осы екі сатыдан шығатын екі жүйе – «Жүрек тәрбиесі» мен «Ақыл тәрбиесі» ‑ деп жүйеленсе, осын-ау жаңа пәннің ішінен шығатын – «Жеті түрлі Негіздерінің» ‑ тек әрқайсысының өзіне тән тәрбие тәсілдері ұсынылады. Мұндағы екі сатылы – Методология – Жүйелер – Негіздер – ойдан алынбаған, тіршіліктің тұрақты заңдылығынан шыққан табиғаттың өз үлгісі. Міне, осы методологиядан адамзат ғасырлар бойы ажырап қалған ‑ Жан мен Рух тәрбиелерін – іске қосып, келешек ұрпақ мүлдем басқа деңгейде... "тылсымы мол құпия ілімдерде" айтылатын ‑ 6-шы Рассаның ‑ кеңістігіне шығады. Адамзат қауымы ‑ дәл бүгінгі өзегі өрт өзімшілдік пен құлдыққа тән құмарлық атаулыдан ‑ құтылып, нағыз адамдықтың арманы ‑ имандылық пен ізгіліктің ‑ жолына түседі.


Бұл «адам тәрбиесінің жаңа ілімінде» айтылатын жаңалық өте көп. Соның ішінде, сана тәрбиесінің іргетасы болып саналатын, ‑ «түйсіктік ақыл мен түйсіктік тәрбиенің 80% - пайызы» - тек ана құрсағында ғана жетілетіні анықталды. Сонымен қоса, санаға бағынбайтын ‑ « Жанның 12- арнасы: ‑ түйсік – ұят – сүю – зерде – табиғи қабылет – мінез – жігер және ішкі бес сезім (көкірек көзі, телепатия, дәм, ішкі сезіну, иіс) – тек ана құрсағында ғана ашылады. Бұл Абай данышпан ұсынған -"Толық адам - нұрлы ақыл" - атты формуланың механизімі осы болмақ-шы ?!.. Міне бүгінге дейін, адамзат қауымы ‑ «ана құрсағындағы тәрбиені»‑ естіп те білмегендіктен, келер ұрпақтың нағыз құдіретті қасиеттері ашылмай, азғындаудың ауыр азаптарын тартуда?!..


Адамдағы – «Жан тәрбиесі мен Рух тәрбиесінің» ‑ үндеспеуінен, ұрпақ жетер ‑ «6-шы және 7-ші Рассаның» ‑ барлық сипаттары тоқырап тұр. Жоғарыдағы айтылған тәрбиенің технологиясы мен механизмдері, менің монографияларымда ; – «Ізгілік әліппесі», А.1991; «Халық педагогикасының негіздері», А.1995; «Халық педагогикасы мен психологиясының негіздері», А. 2005; «Педагогика мен психология негіздері»,А.2008, 2012; – толық түрде, егжей‑тегжей жазылып және 2011 жылы кітап түгелімен патентін (№.1408) алған болатын. Кезінде менің бұл іліміме сеніп, дүниеге ұрпақ әкелген ата‑аналардың алғыстарында шек жоқ. Мысалы, 1992 жылы өмірге келген алғашқы «үш баланың» туған сәтінен бастап, қадағалауға мүмкіншілік болды. Оған дәрігерлік мамандығымның тигізген көмегі мол.


Әсіресе, таңданбауға болмайтын, мынау бір оқиғаны айтқан жөн сияқты. Екінші күні емізуге әкелген бала, жан‑жаққа жүгірген көздерін әзер ұстап, алғысқа толы сезіммен күлімсірей анасына қарағанда, бүкіл денем шымырлап кеткені әлі есімде. Басқа балалар - лар‑шу - болып жылап келсе, бұлар да қыңқ деген дыбыс болмайды. Мұны, тіпті жанындағы басқа аналар да өздері байқап, жиі‑жиі әңгімелеп жүрді. Кейін үшеуіде... он бір жылдықты, он төрт жастарында «алтын белгіге» бітіріп, грантпен университеттерін үздік аяқтады. Бұл жағдайды айтып тұрған себебім, ‑ «адам тәрбиесінің жаңа ілімі» ‑ тек теория жүзінде емес, оның іс‑тәжрибеден өткендігі де шындық.


Педагогика мен психологияның ‑ жаңа методологиясындағы ішкі негіздері – тіршіліктің биологиялық заңдылығына ғана бағынған, адамның физиологиялық кезеңдерінен шығады. Бұл кезеңдер табиғат шебердің өзі қалыптастырған тұрақтылық екенін түсіну шарт! Оны бұрмалауға болмайды. Ендеше, адамдағы өзгермейтін физиологиялық жеті кезеңнен, тәрбиенің, немесе, педагогика мен психологияның жеті түрлі негіздері қалыптасады.


І. Халық педагогикасының бірінші негізі, немесе, «Отбасын құруға дайындық және ұрық тазалығы».

ІІ. Халық педа‑ның екінші негізі, немесе, «Ана құрсағындағы тәрбие».

ІІІ. Халық педагогикасының үшінші негізі, немесе, «Нәресте кезеңі».

ІУ. Халық педагогикасының төртінші негізі, немесе, «Балбөбек кезеңі».

У. Халық педагогикасының бесінші негізі, немесе, «Сәбилік кезеңі».

УІ. Халық педагогикасының алтыншы негізі, немесе, «Балиғат кезеңі».

УІІ. Халық педагогикасының жетінші негізі, немесе, «Кәмілеттік кезеңі».


Мінеки бүгінгі адамзат қауымының пайдаланып отырған Педагогикасы мен Психологиясында, осынау жоғарыда аталған негіздер жоқ. Бұл негіздердің ерекше ескеретін қасиеті сол, әр негіздің басталуы мен аяқталуы бар... уақыт кесіндісінен тұрумен қоса, тек өздеріне ғана тән тәрбие тәсілдері бар.


Мәселен, уақыт кесіндісіне мысал келтірсек, ана құрсағындағы кезең ‑ 9-ай, тоғыз күннен тұрса ‑ оның өзіне тән тәрбие тәсілдерін Ана ‑ мінәжаты мен тілегін көз алдына келтіру ‑ арқылы жүргізеді. Осы тектес барлық кезеңдердің де, тәрбие тәсілдерінің өздеріне тән ерекшеліктерін ескеру ауадай қажет. Адам тәрбиесінің жаңа іліміндегі, ерекше бөліп айтпаса болмайтын тағыда бір жаңалығы, әр негіздері мен физиологиялық кезеңдерінің этнопедагогикалық сипаттары беріледі.


ТҮЙІН СӨЗ.


Осыдан келіп, мынандай қағидалар ұсынылады;


- Халық педагогикасы дегеніміз – адамның Жан‑дүниесін зерттейтін және тәрбиелейтін‑ ІЛІМ –десек, Этнопедагогика – материалдық және этнографиялық заттар арқылы (ұлттық киім, тамақ, үй мүліктері т.б.) Тән тәрбиесін жүргізуге бейімделеді.

- Олай болса, адам тәрбиесі үшін – Халық педагогикасы мен Этнографиялық педагогика – медальдің екі беті тәрізді сипаты бар.

- Қазіргі ‑ Халық педагогикасы мен Этнопедагогиканы – екі бөлек ұғынып жүрген түсініктер қате екенін ашып айтқан жөн.

- Кейбіреулердің Этнопедагогика– ЭТНОС–тан шықты деуіде бекер.

- Этнопедагогиканы алғаш айналымға енгізген Г.Н.Волковтың өзі, бұл ұғымды «Этнографиялық заттар» сөзінен алғанын, ‑ «Этнопедагогика» М. 1972ж. – атты монографиясында ашып жазады.

- «Адам тәрбиесінің жаңа ілімін» ‑ Мемлекеттік деңгейде ‑ Халық болып қолға алуды кешеуілдете бермей, сара жолына түсіру барлығымыздың да азаматтық міндетіміз.


Cовет‑Хан Ғаббасов

Жазушы‑дәрігер, фантаст, драматург,

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері,

Медицина жне Педагогика ғылымдврының докторы, профессор,

КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі,

Зайсан ауданының құрметті азаматы,

Махамбет сыйлығының лауреаты.

Халықаралық Нострадамус атындағы

академияны толық мүшесі – Академик.

Алматы ‑ 2011ж.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар