Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Жазушы» залы...

14.05.2016 4596

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Жазушы» залы ашылды

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Жазушы» залы ашылды - adebiportal.kz


Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың және М.Әуезов атындағы Ұлттық сыйлықтың сондай-ақ, М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Дүкенбай Досжанның шығармашылығына арналған «Тарланбоз» және Сәуле Досжанның «Менің жалғыз серігім» атты кітаптарының тұсаукесері, сонымен қатар «Жазушы» залының ашылуы өтті.


13179326_260786454275483_2912721433012012327_n.jpg


Осы іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, елімізге танымал ақын-жазушылар, сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері қатысты. Кеш барысында жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильм және слайд көрсетіліп, жазушы, теледраматург Сұлтан Оразалин, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Несіпбек Айтұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов, белгілі жазушы Жолтай Әлмашұлы, қаламгердің жары, ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мәжілісінің қызметкері, жазушының жары Сәуле Досжанова естеліктерімен бөлісті.


13221668_260786467608815_444156264004956688_n.jpg


Жаңа кітаптардың тұсауын әскери қайраткер, генерал-лейтенант, Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев пен жазушы, публицист Алдан Смайыл кесті.


13232894_260786714275457_9040943201144151356_n.jpg


Қабырғалы қаламгер Дүкенбай Досжан Қазақстан аудандарының және Түркістан қаласының құрметті азаматы. Жаңақорған ауданының ХХІ-ғасыр адамы.


13237622_260795580941237_4193701622904182690_n.jpg


Қаламгердің оқуға деген құштарлығы ерте кезден басталған. Ол өзінің алғашқы «Көкпар» әңгімесін 15 жасында жазған болатын. Жазушының бұл күнде кітаптары әлемнің 20-дан астам жетекші тілдеріне аударылып, жалпы көлемі 3,7 миллион таралыммен басылып шыққан. Кітап палатасының Қазақстандағы ең көп оқылатын жазушы куәлігін алған.


13177810_260786700942125_4884134153468203641_n.jpg


Дүкенбай Досжан өзінің тырнақалды «Отырар», «Фараби», «Жібек жолы» атты шығармалары арқылы тарихи тақырыптың пионері аталды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алпыс жылдай жабулы архивіне тұңғыш енген жазушы сот құжаттары ізімен «Абақты» (1992) дерекнама кітабын және 1986 жылғы желтоқсан қырғыны туралы «Алаң» (1993) көркем романын жазды.


Зерттеушілер Д.Досжан шығармашылығын үш салаға бөліп жүр. Бірінші: көне ғасыр қойнауынан ер түрік аруағын көтерген 60-шы жылдар басындағы тарихи кітаптары. Бұған «Жібек жолы» кітаптары жатады. Екінші: бодандық бұғау мен шенеуніктер шарпысуынан ұлттық рухын жоғалтып, мінез экологиясына ұшыраған өмірзая ұрпақтар образының галереясы – «Зауал», «Дария», «Табалдырығыңа табын», «Жолбарыстың сүрлеуі», «Кісі ақысы» кітабынан табылады. Үшінші: ғажайып адамдар ғұмырын көркем тілмен сөйлеткен «Мұхтар жолы» (1988), «Абайдың рухы» (1994, 2008), «Алыптың азабы» (1997) романдары енеді.


1974 жылы шыққан «Трудный шаг» кітабы үшін «Молодая гвардия» баспасының «Қазіргі заманғы жақсы роман» сыйлығын иеленді. 1988 жылы «Жібек жолы» романы үшін Украинаның «Дніпро» баспасының «Тарихи тақырыптағы жақсы кітап» сыйлығын алды. Суреткердің есімі АҚШ-тың «Әдебиет және өнер адамдары» энциклопедиясының 2-томына, «Ұлттық энциклопедияның» 3-томына, «Абай энциклопедиясына» енген.


1990 жылы Дүкенбай Досжанның 2 томдық таңдамалы шығармалары О.Сүлейменовтың алғысөзімен «Жазушы» баспасынан мемлекеттік тапсырыспен жарық көрді. Қос томдық туралы көптеген лебіздер айтылды. 2002 жылы «Білім» баспасы жазушының 13 томдық таңдамалы шығармаларын басып шығарды. Он үш томдықтың алғы сөзін зайырлы сыншы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Зейнолла Серікқалиев жазған. 


adebiportal.kz



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар