Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Нәзира Байырбектің оқырмандармен кездесу кеші өтед...

17.05.2016 2896

Нәзира Байырбектің оқырмандармен кездесу кеші өтеді

Нәзира Байырбектің оқырмандармен кездесу кеші өтеді - adebiportal.kz


назира.jpg

Жамбыл атындағы мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 18 мамырда, сағат 14.00-де журналист, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Нәзира Байырбектің «Журналистің жұлдызды сәттері» атты оқырмандармен кездесуі және «Күләш Ахметова» кітабының тұсаукесері өтеді.


Нәзира Байырбек – қаламы қарымды журналист. Ел мойындаған тұлғалардан сұхбаттар алып, тіпті алдын кітапқа айналдырып үлгерген журналистің «жұлдызды сәттері көп-ақ».


Республикалық «Жас Алаш», «Қазақ әдебиеті», «Ақ жол Қазақстан», «Айқын» газеттері мен «Жалын» журналында қызмет еткен. 2007 жылдан бері еңбек жолын елордалық басылым «Астана ақшамында» жалғастырып келеді.


Бұған дейін белгілі опера әншісі Нұржамал Үсенбаеваның өмірі мен шығармашылығына арналған «Нұржамал», «Билік – биіктік емес», «Журналистің жұлдызды сәттері» атты кітаптары жарық көрген.


«Журналистикада өз идеяңнан өткен нәрселерді ғана жазып, өтірік айтуға мәжбүр болмай, өзің мойындаған шындықтан тайқымай, жүзің жарқырап жүрген әр күн – жұлдызды күн» - дейді Нәзира.


Оқырман салиқалы сұхбаттан да әсер алады. Біздің мақсат: замана заңғарларынан тұшымды сұхбат алып, халқына жеткізген осы бір мамандығына адал, ойы сергек, қаламы жүйрік журналистің жаңа кітабының тұсауын кесу, шығармашылығына және қызық та, қиын мамандықтың қыр-сырына тоқталу.


Кешке елімізге белгілі басылымдардың редакторлары, журналистері, әдебиет және мәдениет өкілдері қатысады.


adebiportal.kz


кулаш.jpgназира1.jpg




Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар