Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Астанада Әбіш Кекілбайұлын еске алу кеші өтеді...

17.05.2016 11386

Астанада Әбіш Кекілбайұлын еске алу кеші өтеді

Астанада Әбіш Кекілбайұлын еске алу кеші өтеді - adebiportal.kz

абиш.jpg

18 мамыр күні сағат 15. 00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында заманымыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбайұлын еске алуға арналған әдеби кеш өтеді. Кеш аясында Жұмабек Мұқановтың жазушы Әбіш Кекілбайұлының өміріне арналған «Жүз күндік жалғыздық» атты естелік кітабының тұсаукесері болады.

 

«Әбіш Кекілбаев – заманымыздың бір заңғар тұлғасы» деп Қуаныш Сұлтанов «Кекілбаев кеңістігі» атты мақаласында айтып өткен болатын. Ол қазіргі заманғы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің жарқын және ерекше құбылысы болды.


 

Әбіш Кекілбайұлы – Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің және Л. Гумилев атындағы Ұлттық Университетінің құрметті профессоры, мемлекет және қоғам қайраткері, халық жазушысы. Оның "Үркер", "Елең-алаң", "Аңыздың ақыры"  және басқа да көптеген кітаптары бар.


 

Әбіш Кекілбайұлы Мопассанның «Пьер және Жан», «Өмір» романдарын және Шыңғыс Айтматовтың «Ерте келген тырналар» повесін қазақ тіліне аударған. Лев Тольстойдың «Соғыс және бейбітшілік» роман-эпопеясын және Буниннің бірқатар шығармаларын аударған.


 

Әбіш Кекілбайұлы республикамыздың театрларының репертуарларына арнайы Шеспирдің «Король Лир», «Ромео мен Джульетта» пьесаларын, К.Гоццидің «Туранбике ханшайым», М.Фриштің «Ғылым қуған Дон-Жуан» және т.б. көптеген пьесаларды қазақ тіліне аударды.


 

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының қорында Әбіш Кекілбайұлының көптеген кітаптары бар.


 

Іс шараға ҚР Парламентінің депутаттары мен зиялы қауым өкілдері қатысады. 


 

жуз кундик жалгыздык.jpg 
 


 

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар