Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ. ӘБІШ КЕКІЛБАЙ

11.12.2015 220

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ. ӘБІШ КЕКІЛБАЙ


1354779520.jpg



Ол —
Туған топрағымен егіз еді,
Сол тұрған шөлдің маңы теңіз еді:
Каспийі —
Ұмай-ана, —
Атырауын
Еміреніп күндіз-түні емізеді. 


Ақ сүтін арда жанын беріп емген,
Ұлы Ұмай-Анасына еміренген;
Теңізден — теңіздейін,
Түбі жоқтай,
Туды бір терең қазақ тебіренген!


Туды Ол мал-мүлігін малдана алмай,
Тәңірінің хикметін талдағандай!
Таяздар қыза келе — ыза болды,
Тереңін жалаң-аяқ жалдай алмай...


Ол кетті бізбен келіп қол алмасқа,
Қазаққа енді қайта оралмасқа;
О, Каспий!
Саған ғана көңіл айтам!
(Бір пенде ұқпады оны одан басқа!).


Құрлықта туған ұл ем, кемем — дала,
Қай ердің құнын білдік ерен, дара?
О, Каспий!
Саған ғана көңіл айтам,
Тереңді түсінетін — терең ғана.

Туады ұл мал-мүлігін малдана алмай,
Тәңірінің хикметін талдағандай!
Таяздар жағасында қала берер,
Тереңді талтаң-талтаң... жалдай алмай...  



11.12.22015 ж.


Ақынның фейсбуктағы парақшасынан алынды


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар