Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Олжас Сүлейменов поэзиясындағы тарих және тағылым...

24.05.2016 5290

«Олжас Сүлейменов поэзиясындағы тарих және тағылым» атты ғылыми конференция өтті

«Олжас Сүлейменов поэзиясындағы тарих және тағылым» атты ғылыми конференция өтті - adebiportal.kz

_NIK7454.jpg

2016 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Олжас Сүлейменовтің 80 жылдық мерейтойына арналған «О. Сүлейменов поэзиясындағы тарих және тағылым» атты ғылыми конференция болып өтті, деп хабарлайды Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметі.


 

Конференцияға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілі, алыс және жақын шетелдердің мемлекет және қоғам қайраткерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жоғарғы оқу орындарының басшылары, қызметкерлері мен студенттері, ғалымдар, БАҚ өкілдері қатысты.


 

Конференцияда сөз алған Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директоры Д. Мыңбай О.Сүлейменовтің шығармашылығы мен тұлғаның қоғамдағы орынына тоқталып өтті. «Олжас Сүлейменов біз үшін ғана емес, біздің ұрпақтарымыз үшін де мақтаныш болатын тұлға. Оның белсенділігін, қоғам үшін атқарған еңбегін ел-жұрты жақсы бағалайды. Ол Қазақстан үшін де, әлем үшін де еңбектері ең көп таралыммен шығып, көп оқылған тұлға», – деді Д.Мыңбай.


 

Олжас Омарұлы дүние жүзіне танымал ақын, жазушы, қоғам қайраткері, «Невада-Семей» қозғалысының бастаушысы, ғалым, саясаткер.


 

«Халықаралық жиындарда, ғылыми конференцияларда, саясатта, поэзияда Олжастың бойы да, ойы да аласарып көрген емес. Ол үнемі ел мәртебесін көтерумен келеді. Олжас Сүлейменов азаматтық, адамзаттық биік поэзияны жасаушы», – деді жиында сөз алған қоғам  қайраткері Мырзатай Жолдасбеков.


 

Іс-шара барысында Олжас Омарұлының жазған мұраларын жаңа тың деректер негізінде зерделеу, жастардың бойында отаншылдық пен патриоттық сезімдерін арттыру, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына және даму кезеңдеріне қосқан үлесін ғылыми тұрғыда негіздеу жөнінде айтылды.


 

Ғылыми конференция барысында О. Сүлейменовтің шығармашылығы мен өмірі туралы сыр шертетін фото және кітап көрмелері болды!


 

D4S_5500.JPG 
 


 

D4S_5531.JPG 

 

D4S_6028.JPG 

 

D4S_6147.JPG 
 

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар