Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Әбіш Кекілбаев өмірден өтті

11.12.2015 367

Әбіш Кекілбаев өмірден өтті


7753035eb1c554edddbcbc5c3910c35f.jpg


Бүгін қазақ ауыр қазаға душар болды. Ел абызы, халық жазушысы, қазақ таңының «Елең-алаңында» жарқ етіп жанған «Үркер» жұлдызы – Әбіш Кекілбаев өмірден озды. Жуырда ғана 76 жасқа толған абыздың денсаулығы соңғы кезде сыр беріп жүрген болатын. Алланың жазғаны ғой, дәл бүгін жаны жаннатқа қарай жол тартыпты...



Кезінде Тұманбай Молдағалиев: «Жазушының тiлiнде де, дiлiнде де мiн жоқ. Қашанда сергек, қашанда сезiмтал, бәйгенiң алдынан ғана келетiн тұлпарларға ұқсатам мен Әбiштi. Ал, аспанға қарасам оның жұлдызын оңай танимын. Оның жұлдызы сол Әуезов, сол Шолохов, сол Айтматов, сол Нұрпейiсов жұлдыздарымен қатар тұр. Ол да жарық жұлдыз, мәңгi жанатын жұлдыз», - деп айтып кеткен екен. Ендеше бүгін Әбіштің қайтқан күні емес, мәңгілік мекеніне орнығып, мәңгі жұлдыз болып жанған күні деп білейік ағайын!


Қайғыға қайыспай, сабырға ұйып, кемеңгер жазушының мәңгі өлмес мұрасын ұлықтай білейік, ұлықтай берейік! 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар