Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауыны...

22.06.2016 3501

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды - adebiportal.kz


Бүгін Астанада «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты республикалық байқауының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды. Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысып, журналистерді келе жатқан мерекелерімен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

KZR_0161.JPG

KZR_0191.JPG


KZR_0215.JPG

KZR_0246.JPG

KZR_0259.JPG

KZR_0501.JPG

KZR_0297.JPG

KZR_0315.JPG


KZR_0419.JPG

KZR_0475.JPG

KZR_0564.JPG

KZR_0579.JPG

KZR_0614.JPG

KZR_0669.JPG


Министр журналистика саласындағы бірқатар сала мамандарын қол жеткізген табыстары мен жемісті шығармашылық қызметтері үшін құрмет грамоталармен және алғысхаттармен марапаттады.


Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған іс-шара «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауының жеңімпаздарын марапаттаумен жалғасты.

Республикалық байқауға еліміздің өңірлерінен 200-ден астам материал келіп түсті. Байқауға мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту мен мәртебесін нығайту және оның ахуалы туралы өзекті материалдар жариялаған тілшілер қатысты.


Байқауға 2015 жылғы 10 маусым мен 2016 жылғы 9 маусым аралығында қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген жарияланымдар, эфирден өткен хабарлар қамтылды.


Байқаудың ережесіне сәйкес келіп түскен материалдар «Үздік мақала», «Үздік телеарна бағдарламасы», «Үздік радио бағдарламасы», «Үздік сайт мақаласы» номинациялары бойынша 4 бағытта бағаланды.


Байқауға келіп түскен материалдарды елімізге белгілі жазушылар мен журналистерден құралған қазылар алқасы қарап, жүлдегерлерді анықтады.


Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті «Саясат» бөлімінің шолушысы Ұлықбеков Сейсен Әмірбекұлы, «Үздік мақала» номинациясы бойынша 2-орынды «Индустриальная Караганда» газетінің тілшісі Шипунов Валентин Константинович, 3-орынды «Жетісу» облыстық газетінің тілшісі Молдағалиева Меруерт Серікқызы жеңіп алса, «Үздік сайт мақаласы» номинациясы бойынша 1-орынды «Қазконтент» АҚ «e-histori.kz» сайтының тілшісі Алтынбек Құмырзақұлы, 2-орынды «Үркер.кз» сайтының тілшісі Нұрлан Құмар Бағдәулетұлы, 3-орынды «Абай.кз» сайтының тілшісі Шамұратов Меңдолла Нұрымұлы иеленді.


Сондай-ақ «Үздік телеарна бағдарламасы» номинациясы бойынша 1-орынды «Алматы» телеарнасының тілшісі Құсайынұлы Әмірболат, 2-орынды «Қазақстан» РТРК» Ақмола облыстық телеарнасының тілшісі Раушан Сайлауқызы, 3-орынды Ақтөбе облыстық «Рика-ТВ» телеарнасының тілшісі Шәмішова Әлия Әбішқызы жеңіп алса, «Үздік радио бағдарламасы» номинациясы бойынша 1-орынды Қазақ радиосының «Алматы» студиясының тілшісі Жұмабек Ақтоты Ердәулетқызы, 2-орын «Халық» радиосының тілшісі Сыбанжанова Раушан Сейітханқызы, 3-орынды Қазақ радиосының редактор-шолушысы Жанұзақов Жанат Жүсіпұлы иеленді.

Құлжанова Әсем Ұланқызы, Ұлықпан Мұратбай Әбілханұлы, Майкөзова Ақмарал Тілекқызы, Ли Анжела Михайловна, Мамырбаева Нұргүл Жамбылқызы, Дәрібаев Нәлібай Үсенұлы, Масакова Динара Дәулетқызы, Қосыбаев Айдос Тұрсынбекұлы, Мұқаев Ілияс Дүнгенбайұлы, Абитаева Меруерт Мұратбекқызы, Асылбекова Жаңылхан Мәмежанқызы, Байтасов Төребек Төрекелдіұлы сынды журналистер ынталандыру сыйлығымен марапатталды. Барлық жеңімпаздарға диплом, алғысхаттармен қатар ақшалай сыйлықтар берілді.


Дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп жүрген бұл іс-шара мемлекеттік тіл саясатын насихаттау белсенділігін арттырып, тиісінше тіліміздің дамуына септігін тигізетіні сөзсіз. 


adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар