Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Кітап дүкені бұрын-соңды мұндай ғажап болған емес...

06.09.2016 5804

Кітап дүкені бұрын-соңды мұндай ғажап болған емес

Кітап дүкені бұрын-соңды мұндай ғажап болған емес - adebiportal.kz



Әлемдегі ең үлкен, әдемі әрі таңғажайып дизайнымен ерекшеленетін кітап дүкені қайда десеңіз, Қытайдың Ханчжоу қаласында орналасқан Hangzhou Zhongshuge bookstore ғимаратын аралап көрсеңіз болғаны. Көз жауын алатын дүкенде кітаптарды тек сатып алып қана қоймай, арнайы бөлмелерде шығармаларды оқып, тынығуға да болады. Оптикалық елеске толы таңғажайып дүкен 2016 жылдың көктемінде ашылған еді, ал ғимарат жобасын XL-Muse атты сәулет құрылыс компаниясы ойлап тапқан болатын.


кітап1.png


Тіпті, балалар әдебиетінің бөлімдері де ерекше үлгіде жасалды. Ол жерде балалардың көңілдеріне қарай ойын алаңдары ұйымдастырылған. Кітап салатын шкафтары да ерекше үлгіде: әткеншек, теңіз қарақшыларының кемелері, үлкен ауа шары мен ғарышты бейнелейтін танымдық жобаларды кездестіре аласыз.


кітап2.png


кітап 3.png


Шегі жоқ ғарышты бейнелейтін дүкеннің төбелері айнадан жасалған. Сондай-ақ, кітап салатын сөрелерде шамдары бар отыруға арналған орындар да қарастырылған.


store4.jpg


«Өте қызықты, өзіңді бейне бір басқа планетада жүргендей сезінесің. Иә, осындай ғажап әлемге кіріп, түрлі кітаптармен танысуға бір күн мүлдем жеткіліксіз», - дейді дүкенге келушілер.


Шынымен де, осындай дүниеге қызығып та, қызғанып та қарауға болады.


store5.jpg


Hangzhou Zhongshuge bookstore дүкен иелерінің алдағы мақсатында тұрған үлкен жоба – кітап туннелін салу. 1000 шаршы метрді қамтитын туннель күллі әлемде теңдесі жоқ кітап орталығы болмақ.


Ақбота Күзекбай


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар