Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Мемлекеттік қызметші жастар арасында «Тіл шебері-2...

09.09.2016 2992

Мемлекеттік қызметші жастар арасында «Тіл шебері-2016» республикалық байқауы өтеді

Мемлекеттік қызметші жастар арасында «Тіл шебері-2016» республикалық байқауы өтеді - adebiportal.kz


тил.jpg

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті қыркүйектің 16-жұлдызында мемлекеттік қызметші жастар арасында «Тіл шебері-2016» республикалық байқауын өткізеді. Шара Қазақ Ұлттық өнер университетінің Жамбыл атындағы концерт залында өтеді деп жоспарланған.


Байқаудың негізгі мақсаты үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметші жастарды анықтап, оларға жан-жақты қолдау көрсету. Үштілділікті насихаттау, іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдерді жастардың меңгеру деңгейін анықтау.


Байқау «Мәдениеттаным», «Ұлттаным» және «Өнертаным» атты үш аталымнан тұрады. Оған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардан кез келген үміткер қатыса алады.


Шараға құрметті қонақ ретінде ҚР Парламенті депутаттары, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығы, зиялы қауым өкілдері қатысады.


Байқау жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталады. Шараның басталуы сағат 10:00-де. Толығырақ ақпарат алу үшін 8 (7172) 408393 (жұмыс), 87472642646, 87013198887 нөмірлеріне хабарласу қажет. 



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар