Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Сырсандық» атты кітаптар сериясының ІІ томы жарық...

15.09.2016 4285

«Сырсандық» атты кітаптар сериясының ІІ томы жарық көрді

«Сырсандық» атты кітаптар сериясының ІІ томы жарық көрді - adebiportal.kz



Астанадағы Сәкен Сейфуллин мұражайында «Сырсандық» атты кітаптар сериясының екінші томының тұсаукесер рәсімі болып өтті. Кітаптың аталған шығарылымына ғалым, әдебиет сыншысы, белгілі сәкентанушы Тұрсынбек Кәкішевке арнап жазған ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері мен шәкірттерінің естеліктері топтастырылған. Айта кету керек, «Сырсандық» кітаптар сериясы – Сәкен Сейфуллиннің мұрасы, өмірі мен қызметіне, оны зерттеген ғалымдарға, олардың еңбектеріне арналған үлкен жоба. Кітап 2000 данамен жарық көріп отыр.


IMG_6990.JPG


Шараға Сәкен Сейфуллин музейінің директоры Несіпбек Айтұлы, қоғам қайраткерлері Зейнолла Алшымбаев, Ирак Елекеев, Серік Оспанов және елімізге белгілі сәкентанушы ғалымдар қатысты. «Сырсандықтың» жауапты шығарушысы Несіпбек Айтұлының айтуынша, кітаптар жыл сайын шығарылатын болады.


IMG_6985.JPG

Несіпбек Айтұлы, Сәкен Сейфуллин музейінің директоры:

«Сәкенге өз өмірлерін арнаған көп ақын-жазушылар, ғалымдар бар. Кешегі Сейіл Тәлжанов, Мұхамеджан Қаратаев, бүгінгі Серік Қирабаев, Амантай Кәкен ағаларымыз – Сәкеннің шығармашылығы мен тағдырын терең зерттеуге атсалысқан адамдар. Соның ішінде кешегі Кеңестің қиын заманында Сәкеннің жүрген ізімен жүріп, оған бар өмірін арнаған нақ осы Тұрсынбек ағамыз болатын. «Сырсандықтың» бірінші томы – Сәкенді көргендердің көзімен, Сәкеннің салған ізімен деген екі бөлімнен тұратын естеліктер кітабы. Енді осы сериямен екінші кітапты Тұрсынбек ағамызға арнап отырмыз. Тұрсынбек Кәкішев – заманымыздың көрнекті ғалымы, ұлтжанды, турашыл, жан-жақты ұстаз екені белгілі. Сондықтан, оның халқына, ұлтына жасаған еңбегі ұшан-теңіз. Сәкен бар жерде Тұрсынбек ағаның аты қашанда онымен қатар аталатын болады».


Роза Асылбекова, Сәкен Сейфуллин музейінің алғашқы директоры:

«Тұрсынбек ағамыз өзімізге жақын адам болатын. Сәкен жайында жиналған материалдарды ол кісіге көрсетіп тұратынбыз. Тұрсынбек Кәкішев өзінің мақсатына қойған істерін міндетті түрде соңына дейін жеткізетін. Кезінде Мұхтар Әуезов Сәкенді шыншыл ақын деп жазса, Тұрсынбек ағамыз да сондай шыншыл, бірбеткей тұлға болатын. Негізінен, сынды көпшіл қауым ұната бермейтіні рас. Бірақ, ағамыз өз саласындағы көрнекті әдебиет сыншысы болған ғалым деп нақты айта аламыз».


Зейнолла Алшымбаев:

«Тұрсынбек Кәкішев демалыс кезінде де жұмыс істейтін, бос уақыты бола қалса, аймақтарға барып, түрлі тарихи мұраларымызды зерттейтін. Осы кітапта ағамыздың сол сапарлары кезіндегі жинаған дүниелері жайында біраз мақалалар жазылған. Жалпы, Сәкен Сейфуллин мұражайы осындай игі шараларды қолға алуда. Тұсынбек Кәкішевтің халыққа жасаған ісі біздің есімізде мәңгі қалады. Мүмкін, бірлі атақтарын алмай, медалі кем болған да шығар, бірақ, өзінен кейін қалдырған еңбегі халық үшін мәңгі, қымбат екенін естен шығармауымыз қажет. Ағамыздың мұрасы, жасап кеткен дүниелеріне бүгін куә болып отырмыз. Осындай халқымыз үшін жасалатын игі шаралар ұзағынан болсын».


Серік Оспанов:

«Сәкен Сейфуллиннің мұрасын зерттеген бірде-бір адам әлі жоқ деп кезінде маған ғалым Ақселеу Сейдімбек айтқан болатын. Сөйтіп, мен бірнеше әндерді жинақтап, оларды нотаға түсіріп, кітап қылып шығардым. Одан ары Сәкеннің 115 жылдығына орай Тұрсынбек ағамызбен бірге Баянауылдағы Сәкен Сейфуллинге қатысты жәдігерлерінің біразын тапқан болатынбыз. Тұрсынбек ағамыз еш уақытта шаршамайтын кісі еді. «Өлі риза болмай, тірі байымайды демекші», біз де қолымыздан келгенше, Сәкеннің мұрасын жан-жақты зерттеп жатырмыз. Ол сонау қиын заманда қазақ тіліннің мәселесін қорықпай көтерген адам екені белгілі. 1923 жылдан бері аталған мәселе бүгінге дейін өз пәрмендігін жоғалтқан жоқ. Сондықтан, нақты қазіргі уақытта Сәкен Сейфуллиннің ісін кез келген тақырыпта жалғастыра аламыз».     


Ақбота Күзекбай  


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар