Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Әлем кітапханашылары Астанада бас қосты...

15.09.2016 2761

Әлем кітапханашылары Астанада бас қосты

Әлем кітапханашылары Астанада бас қосты - adebiportal.kz



Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Әлем. ХХІ ғасыр. Оқу арқылы рухани үндестік пен мәдениетке» деген тақырыпта халықаралық кітапханашылар конгресі өз жұмысын бастады. Конгресс тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.


IMG_7013.JPG


Жиынға Ресей, Молдова, Грузия, Әзірбайжан, Тәжікстан, Иран Ислам Республикасы Ұлттық кітапханаларының, Еуразия Кітапханалары Ассамблеясы өкілдері, қоғам қайраткерлері, еліміздің ақын-жазушылары, ғалымдары мен баспагерлері қатысты.


IMG_7027.JPG


Жиында сөз алған академик, философия ғылымдарының докторы Ғарифолла Есім конгрестің басты мақсаты мен міндетін атап өтті. «Ең алдымен, кітапханаға, кітапқа деген құрмет, кітап пен кітапхананың қазіргі ақпараттық қоғам кеңістігіндегі алатын орны, олардың модернизациясы, өзгерістерін айтып талқылауға біз мақсат етіп отырмыз», - деп атап өтті ол.


Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы шараның маңыздылығын атай келе: «ҚР Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған бұл шараның Астана қаласында өтуінің өзі көп жағдайды көрсетеді. Бұл жиынға ЮНЕСКО, халықаралық кітапханалық ассоциациялар мен мекемелер федерациясы, Еуразия кітапханалар ассамблеясы халықаралық деңгейдегі ұйымдар араласа отырып, әлемдік оқу мәселесі және кітапхана жұмысына басты назар салуда», - деді.


Бұл конгреске, сондай-ақ, Санкт-Петербордан келген Ресей Ұлттық кітапханасының бас директоры Александр Вислый ресейлік жетекші кітапханалардағы электронды ресурстар бірлестігі жайында сөз қозғады.

«Кітапханашылардың жиі айтатын мәселелеріне айлық пен кітаптарға қаражаттың жетіспеушілігі, кітапханалардың орын-жайларының дұрыс қарастырылмауын жатқызуға болады. Бұл, әдетте, барлық елдерде кездесетін жайт. Ал қазіргі уақытта кітапхананың ең негізгі проблемасы ретінде оның Интернетпен бәсекелестігін айтып жатады. Біз Интернеттің жедел дамуы себебінен кітапханалардың қазіргі уақытта керегі жоқ деген сөзді жиі естиміз. Бірақ, интернет пен кітапханалардың екі жақты халыққа деген пайдасын ойластыруымыз керек. Кітапханалардың қазіргі деңгейін жоғарылату үшін біз электронды кітаптармен жұмыс істеуге үйренуіміз керек», - деп атап өтті Александр Вислый журналистерге берген сұхбатында.


Ал Молдова Ұлттық кітапханасының бас директоры Елена Пинтелей еліміздегі кітапханалардың жұмысын жоғары бағалады.

«Мен бүгін Қазақстан кітапханаларының жетістіктерін көріп, өзімнің таңданысымды білдіріп отырмын. Кітапханадағы қорлардың сандық жүйеге ауысуы сіздердің мәдени мұраға деген болашағы мен оның дамуына зор ықыластарыңызды көрсетеді. 24 сағат бойы Интернет желісі бойынша кез келген адам Қазақстан кітапханаларының қорымен танысуға үлкен мүмкіндік алып отыр. Бұл мені өте қызықтырады және алдағы уақытта сіздердің Ұлттық электронды кітапхана контентімен де танысқым келеді», - дейді Елена Пинтелей.


IMG_7019.JPG


IMG_7030.JPG


Конгресс жұмысы екі күнге жалғасады. Ертең Ұлттық Академиялық кітапханада «Еуразия кітапханалары Ассамблеясы» коммерциялық емес серіктестігінің ХІХ жалпы жиналысы өтеді деп жоспарлануда.   


Ақбота Күзекбай




Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар