Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Алматы – оқырман қала» акциясы өтеді...

15.09.2016 3633

«Алматы – оқырман қала» акциясы өтеді

 «Алматы – оқырман қала» акциясы өтеді - adebiportal.kz


алматы.jpg

Алматы қаласында 18 қыркүйек күні сағат 14.30-да «Мега» ойын-сауық орталығының алаңында (Сейфуллин даңғылы мен Мақатаев көшесінің қиылысы) Алматы қаласы күніне орай «Алматы – оқырман қала» атты акцияның ашылу салтанаты өтеді.


Бұл туралы шараны Алматы қаласы Мәдениет басқармасы мен «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» бірлесіп ұйымдастырып отыр.


Мерекелік шара қонақтарына балалардың шығармашылық топтары, қалалық конкурстардың лауреаттары мен жас ақындар өнер көрсетеді.


Библиодесант «Кітап патшалығына шақыру», «Сыйлық ал» сияқты т.б. түрлі, қызықты конкурстар, шахмат турнирі, сұрақ-жауап ойындары өткізіледі. Сонымен қатар, «Әдеби қонақ үйде» сүйікті ақын-жазушылармен кездесу ұйымдастырылады.


«Алматы менің сүйікті қалам!» атты асфальтқа сурет салудан жарыс өтеді. Алматы баспалары кітаптарының жәрмеңкесі болады. Акция аясында ғылымға қызығушыларға, полиглоттарға арналған шеберлік сағаттары өткізіледі.


«Таң қаламын келбетіңе Ару қалам, Алматы!» атты жас суретшілердің конкурсы, «Алматы – ән – жыр - тарих», «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі», «Тәуелсіздік шежіресі», «Сүйікті кітаптарым» атты кітап көрмелері қойылып, жасөспірімдер мен балаларға арналған «Ақ желкен», «Үркер», «Балдырған», «Ұлан», «Мөлдір бұлақ» атты басылымдардың да көрмесі ұйымдастырылады.


Өткізілгелі отырған мақсаты айқын шараның құрметті қонағы болыңыздар!!!


Байланыс тел.: 291 63 51; 279 33 15; 273 11 00


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар