Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ханбибі Есенқарақызының шығармашылық кеші өтеді...

12.10.2016 5521

Ханбибі Есенқарақызының шығармашылық кеші өтеді

Ханбибі Есенқарақызының шығармашылық кеші өтеді - adebiportal.kz

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен 15-16 қазанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Астана қаласында «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» атты Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өтеді. 
Ханбибі Есенқарақызы.jpg
Осыған орай Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 15 қазан күні сағат 11:00 өтетін ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, «Алаш» сыйлығының, «Парасат» орденінің иегері Ханбибі Есенқарақызының «Жүздесейік...» атты шығармашылық кешіне шақырамыз.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің және облыстық мәслихатының, Ақмола облысы, Астана, Шымкент қалалық әкімдерінің алғыс хатына ие болды. М.Әуезов бейнесі бар ЮНЕСКО, «Астана қаласына 10 жыл», Түркістанның 1500 жылдығына, Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған және Гумилев атындағы Еуразия университеті медальдарымен марапатталған. Сарыағаш ауданының Құрметті азаматы. 

«Парасат» орденімен (2008) марапатталды. «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қызметкер» атағына ие болды.

11 кітаптың авторы. Өлеңдері орыс, украин, өзбек, якут тілдеріне аударылды. Әнге айналған «Алтынай», «Нүрикамал», «Қадиша», «Дос іздедім», «Көңілгүл», «Махаббат өмірлері» халық арасына кеңінен таралды.

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар