Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Мен өзімді ақынмын деп есептемеймін…» – Боб Дилан...

17.10.2016 2484

«Мен өзімді ақынмын деп есептемеймін…» – Боб Дилан

«Мен өзімді ақынмын деп есептемеймін…» – Боб Дилан - adebiportal.kz


 


 

Боб Дилан Нобель сыйлығын алған тарихтағы бірінші әнші-композитор әрі автор ретінде белгілі болды. Швед академиясы әншіге «ұлы америкалық әншілік дәстүрдің аясындағы жаңа поэзиялық бейнені қалыптастырушы» деп бұл халықаралық сыйды ұсынып отыр. Нобель сыйлығын лауреаттарға салтанатты түре табыстау рәсімі ағымдағы жылдың 10 желтоқанында өтеді деп жоспарланып отыр.


 

bob-Dylan-klas-burling-interview-1966.jpg 
 

 

Негізінен, Боб Диланның өзі журналистерге сұхбатты сирек беретінін барлығы біледі. Тіпті, ұлыбританиялық Rolling Stone журналы Диланды әлемдік рок-индустриядағы ең тұйық және қолға түспейтін адам деп атады.  

Барлық әдеттегі әнші-сазгерлер сияқты ол сұхбаттарында өзінің алдағы жоспарлары, шығарған альбомдары мен әндері жайында бөлісіп отырады.


 

«Менің ертеректе жазған (1960 жылдары), мысалы, «It’s Alright, Ma» сияқты  әндерім – ең сәтті шыққан туындыларым. Оларды ғажайып шығармаларға теңеймін», - деген бір кездері Боб Дилан.

Боб Дилан нақты кім – ақын ба әлде әнші ме? Осы сұрақ әлемдік сыншылар мен әншінің табынушыларын қызықтырмай қоймайды.


 

Біз Боб Диланның поэзиясына қатысты айтқан бірқатар сөздерін таңдап алдық:

 «Ақын болу үшін міндетті түрде бірдеңені жазып отыру керек емес. Кейбіреулер автобекеттерде өмір бойы жұмыс істейді, бірақ олар ақындар».


 

«Мен өзімді ақынмын деп есептемеймін, өйткені мен ақын деген сөзді жақтыртпаймын. Мені трапециядағы гимнаст ретінде санасаңыздар жетіп жатыр». (esquire.ru/wil/bob-dylan)

-         Журналист: Сіз өзіңіздің ертеректе жазған әндеріңізді орындаған уақытта не сезінесіз?

-           Боб Дилан:  «Менің сол кезде (1960 жылдары автор ескертуі) жазған әндерімнің мағынасы уақыт ағымымен өзгеріп отырады. Алайда, оларды орындаған уақытта, тыңдармандарыма әндерім әрқашан жақын болып қала береді».  


 

Боб Дилан «Rolling stone» басылымына берген сұхбатында өзінің шығарған әндерін былай сипаттайды:

«Менің көп әндерім тарихи мазмұнды. Бірақ, бір мезгілде олар биографиялық және географиялық тұрғыда да көрінеді. Олар белгілі бір ойдың жағдайын, белгілі бір шекараны бейнелейді. Мен жайында басқалардың не ойлайтындығы жеке өзімді алаңдатпайды. Егер мен «Найзағайлы асу» деген фильмге баратын болсам, маған бас кейіпкерді сомадаған Лоуренс Оливьенің жеке қандай адам екендігі мүлдем қызықтырмайды. Мен актердің қаншалықты шебер ойын көрсеткенін ғана елеймін. Сахнада да мен өзімнің әндерімді қаншалықты деңгейде орындайтыным маңызды».


 

Композиторың айтуы бойынша, оның жазған сөздерінде белгілі бір діндік насихат әлде наразылық байқалмайды. Бірақ, әнші оның жазған өлеңдерінде поэзияның бар екендігін мойындайды.

Мысалға, «Only a Pawn in Their Own Game» әні поэтикалық сарында жазылған. Бұл ән азаматтық құқық қорғаушысының белсендісі болған Медгар Эверс  жайында. Ол 1963 жылы жаулардың қолынан қаза тапқан еді.

«Бұл ән шынымен болған оқиға жайында, бірақ әннің өзі ұйқаспен әрі поэтикалық сарынмен жазылды».


 

Боб Дилан бұрынғыдай ән шығару қабілетінің төмендеп кеткендігін жасырмайды. «Адам бір нәрсені үнемі сәтті істей алмайды. Мен бір-ақ рет жасаған істі өмірде бір рет қана жасай аламын. Алайда, қазіргі уақытта мен басқа жақсы нәрселерді де істеуге қабілетім жеткілікті» («CBS news» телеарнасына берген сұхбатынан).

 

Ақбота Күзекбай

 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар