Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Астанада II Халықаралық "Қазақстандағы қытайтану ғ...

25.10.2016 4894

Астанада II Халықаралық "Қазақстандағы қытайтану ғылымы: тарихы, бүгіні мен болашағы" атты конференция өтеді

Астанада II Халықаралық "Қазақстандағы қытайтану ғылымы: тарихы, бүгіні мен болашағы" атты конференция өтеді - adebiportal.kz


2016 жылы 28 қазанда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің филология факультеті Қытай филологиясы кафедрасы құрылғандығының бес жылдығына орай ұйымдастырылған «Қазақстандағы қытайтану ғылымы: тарихы, бүгіні мен болашағы» атты дәстүрлі II Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.

ену алия3-3.jpg


Ғылыми-тәжірибелік конференцияның басты мақсаты - ғалымдар, ұстаздар магистранттар, студенттер арасында Қазақстандағы қытайтану ғылымы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын жүйелеу және тереңдету.


Ғылыми-тәжірибелік конференцияның негізгі тақырыптары: қытай тілі мен әдебиетін зерттеудің, оқытудың өзекті мәселелері; қытай тарихы мен мәдениетінің өзекті мәселелері; қазақ және қытай халықтары қарым-қатынасының тарихы; Қазақстандағы қытайтанудың тарихы мен даму беталысы; жаңа кезеңдегі Қазақстан мен ҚХР қарым-қатынастары және т.б.


Ғылыми-тәжірибелік конференцияны қытай филологиясы кафедрасы ұйымдастырып, өткізіп отыр. Шақырған қонақтардың арасында Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының белгілі ғалымдары мен қоғам қайраткерлері - ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Тоқаев Қ.К., Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Ханьхуэй, Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты Бижанов А.Қ., Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты Адырбеков И.А., Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Сұлтанов Қ.С., Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Әшімбаев М.С., мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Айтов Н.А., «Егемен Қазақстан» АҚ төрағасы, тарихшы-ғалым Қыдырәлі Д.Қ., баспагер Исабеков Н.С., қытайтанушы ғалым Қалибек Т., қытайтанушы ғалым Ғабитханұлы Қ., Синань Университеттінің проректоры Вань Цзинь, Астана қалалық Еуразия ұлттық университеті Конфуций институтының директорлері Дэн И, Абжаппарова Б.Ж. қатыспақ.


Осы ғылыми-тәжірибелік конференция аясында біраз шетелдік ғалымдар Қазақстандағы қытайтану ғылымына қатысты өз ойлары мен ғылыми зерттеулерін ұсынады. Сонымен қатар конференция барысында Қазақстандағы қытайтану ғылымын өзге де өзекті мәселелері сөз болады.


Шара барысында филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі қытайтанушы-ғалым   Дүкен Мәсімханұлының «Дүкен Мәсімханұлы. Таңдамалы» атты үш томдық ғылыми-зерттеулерінің тұсауы кесіледі.

ену алия3-4.jpg


Еуразия ұлттық университетінің Қытай филологиясы кафедрасы 2011 жылы құрылған. Кафедрада жиырмаға жуық маман ұстаздар қызмет атқаруда, олардың арасында тұрақты жұмыс істейтін ұстаздар - профессорлар, докторлар, доценттер және магистрлар бар. «Шетел филологиясы: қытай тілі» мамандығында оқитын студенттер жыл сайын Республика көлемінде өтетін пәндік олимпиадаларда және Конфуций институтының ұйымдастыруымен өтетін Халықаралық “Қытай тілі көпірі” олимпиадасында жүлделі I, II орындарға ие болып келеді.


2014 жылы 14 маусымда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультеті қытай филологиясы кафедрасы мен Шанхай университеті бірлесіп, білім беру және ғылым саласындағы байланыстарды нығайту, екі университеттің арасында «Қос диплом» бағдарламасы бойынша келісім-шарт жасалған. Осы келісім-шартқа сәйкес «Шетел филологиясы: қытай тілі» мамандығының студенттері жыл сайын Шанхай университетінде білім алуда. Қытай филологиясы кафедрасы Қазақстандағы Қытай Халық Республикасы елшілігімен, Қытай Халық Республикасының көптеген жоғарғы оқу орындарымен тығыз байланыс орнатқан.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар