Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Букер сыйлығын алғаш рет американ жазушысы алды...

26.10.2016 2229

Букер сыйлығын алғаш рет американ жазушысы алды

Букер сыйлығын алғаш рет американ жазушысы алды - adebiportal.kz


БУКЕР.jpg

Ұлыбританияда жыл сайын әдебиет саласы бойынша берілетін ең беделді Букер сыйлығын тапсыру рәсімі 25 қазан күні Лондон қаласында өтті.


Бұл жолы бұл мәртебелі сыйлыққа Америка жазушысы Пол Биттидің АҚШ қоғамындағы өткір мәселелерді көтерген «Sellout» романы  лайықты деп танылған екен. Осылайша Пол Битти Букер сыйлығын иеленген алғашқы американдық атанып отыр. Бұл романда АҚШ-тағы ақ және қара нәсілді қауым арасында жиі орын алып жататын шиеленісті қатынастарды шынайы түрде көрсетілуі қазылар алқасының назарын аудартса керек.


Букер сыйлығының бас жүлдесі де қомақты - 50 мың фунт-стерлинг. Сонымен қатар, бас жүлдеге аты ұсынылғанымен, ілікпеген алты қаламгерге 2500 фунт-стерлингтен берілетін дәстүр биыл да сақталыпты.


Букер сыйлығы - ағылшын тілінде жазылатын әдеби шығармаға беріледі. 2016 жылғы Букер сыйлығына  Ұлыбританияның екі, Американың екі, Канаданың бір жазушысының атын ұсынған екен. Бір айта кетерлігі - Букер сыйлығы 2014 жылға дейін тек Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен корольдігінің немесе Британ Достастығы елдерінің қаламгерлеріне ғана беріліп келсе, осы жылдан бастап ұлты мен тегіне қарамастан, ағылшын тілінде шығармасын жазып Ұлыбританияда кітабын бастырған кез келген қаламгердің ие болуына мүмкіндік берілген екен.


Adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар