Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Айтыскер ақын Құдайберлі Мырзабектің шығармашылық ...

27.10.2016 2646

Айтыскер ақын Құдайберлі Мырзабектің шығармашылық кеші өтеді

Айтыскер ақын Құдайберлі Мырзабектің шығармашылық кеші өтеді - adebiportal.kz


тарту.jpg


Астана қаласындағы Ақмола облысының мәдениет күндері аясында ҚР жазушылар және журналистер одағының мүшесі, ақын, айтыскер, жазушы Құдайберлі Мырзабектің ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ақбоз өлең тарту еттім халқыма» атты шығармашылық кеші өтеді.


Тасқын бар менде тау жарған,

Ұшқын бар менде қар жанған.

Тағдыр бар менде төзбестей,

Өрлік бар өлім дағдарған, -


деп жырлаған ақынның есімі ең алғаш сонау сексенінші жылдардың ортасына айтыскер ретінде қалың көпшілікке танылды. «Қазақ айтысының алтын дәуірі» 80-90 жылдары өткен көптеген айтыс додаларының бас жүлдесіне ие болып «Көкшетаудың Құдашы» атанды.  Бір айта кетерлігі, Құдайберлі ақын - айтысқа тігілген ең алғашқы темір тұлпардың иесі.


Бірнеше көркем әдеби кітаптардың, драмалық туындылардың, Арқа дәстүріндегі көптеген әндердің авторы Құдаш ақын бүгінгі күні Көкшетаудағы Мәлік Ғабдуллин музейін басқаруда.


29 қазан күні 14 сағатта Бейбітшілік және келісім сарайында өтетін кеште ақынның сырлы өлеңдері оқылып, сазды әндері шырқалады. Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық музыкалық-драма театры актерлері қаламгердің драмалық туындыларынан үзінді көріністер қояды.


Құдаш ақынның тағылымды кешіне келіп, сал-серілер елінің рухани әлеміне бойлаймын деушілерге есік ашық, тамашалау тегін! Жыр кешіне асығыңыздар!


adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар