Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қытайтанушы ғалымның толымды еңбегі...

28.10.2016 5692

Қытайтанушы ғалымның толымды еңбегі

Қытайтанушы ғалымның толымды еңбегі - adebiportal.kz



Қазанның 28-і күні Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде осы университеттің филология факультеті құрамындағы қытай филологиясы кафедрасы құрылуының 5 жылдығына арналған «Қазақстандағы қытайтану ғылымы: Тарихы, бүгіні мен болашағы» атты ІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.


14793816_663482877163244_774110352_n.jpg


Конференцияға аталған салада еңбек етіп жүрген белгілі ғалымдар, ҚХР-дың Қазақстандағы елшілігі өкілдері, ҚХР Шыңжан-Ұйғыр автономиялы ауданының мәдениет басқармасынан келген арнайы делегация қатысты.


Конференция қытай филологиясы кафедрасының жетекшісі, белгілі ғалым, жазушы Дүкен Мәсімханұлының «Дүкен Мәсімханұлы. ТАҢДАМАЛЫ» атты үш томдық ғылыми-зерттеу еңбектері жарық көруіне орайластырылған екен.


14872687_663482940496571_2086739944_n.jpg


«Фолиант» баспасынан жарық көрген бұл көлемді еңбектің тұсауын кескен академик Сейіт Қасқабасұлы Дүкен Мәсімханұлының Қазақстандағы «Қытайтану» ғылымы қалыптасуындағы елеулі рөлін атап көрсете отырып, бұл жинақты аса құнды еңбек деп баға берді.


Белгілі жазушы Сұлтан Оразалин өз құттықтау сөзінде: «Шетелден оралып жатқан 70-тен астам ғылым докторлары арасында үш тұлғаны, яғни түркітанушы Қаржаубай Сартқожаұлы, ирантанушы Ислам Жеменей және Дүкен Мәсімханұлын ерекше бағалаймын. Бұлардың артықшылығы – «Болашақ» бағдарламасымен даярлатсақ та, бірер жыл сол жақта тағылымдамадан өткізсек те, осы жақта туып-өскен мамандар осы ғалымдар сияқты азаматтардың деңгейін оңай жетпейтіні анық. Өйткені, сол жерде туып-өсіп, білім алып, дайын маман ғалым ретінде келген Дүкен сияқты ғалымдар – руханиятымызға қосылған өлшеусіз үлес», - деп баға берді.


14793824_663482873829911_337988016_n.jpg


Филология ғылымдарының докторы Қаржаубай Сартқожаұлы өз сөзінде: «Қытай мемлекеті біздің Қазақстанды жан-жақты зерттеуге үлкен мән беріп отыр. Бізде Қытайды зерттеудің тәжірибесі жаңадан қалыптасып келеді. Жалпы Қытайды зерттейтін бір «Мыстан» мекеме құрылғаны жөн», - деген көкейтесті пікір айтты.


Академик Шәкір Ыбыраев та қазіргі кезеңдегі байланыстарды ескере отырып, ЕҰУ қабырғасындағы Конфуций институты, қытайтану кафедрасы жеткіліксіз екендігін, алып көршімізді кең көлемде зерттеу үшін Қытайтану институтын құру керектігін айтып өтті.


14826342_663482920496573_1598529584_n.jpg


Қытайтану институтының құрылуы – өзекті мәселе екендігін конференцияға қатысушы отандық ғалымдардың барлығы да ерекше атап өтті.


14826416_663482917163240_1282582849_n.jpg


Пленарлық бөлімде секциялар бойынша баяндамалар тыңдалды. Ғалым еңбегіне арналған тағылымды конференция сәтті өткенін атап өткен жөн.


«Әдебиет порталы» алдағы күндерде Дүкен Мәсімханұлының қатысуымен аталған ғылыми-зерттеу еңбек бойынша оқырмандармен онлайн таныстырылым өткізетін болады. Жаңалық күтіңіздер!


adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар