Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Қабір үстіндегі зұлмат». Жазушы Жанболат Башардың...

19.11.2016 4188

«Қабір үстіндегі зұлмат». Жазушы Жанболат Башардың кітабы оқырмандарға жол тартты.

«Қабір үстіндегі зұлмат». Жазушы Жанболат Башардың кітабы оқырмандарға жол тартты.  - adebiportal.kz

Астанадағы қалалық кітапханада жазушы, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Жанболат Башардың «Қабір үстіндегі зұлмат» кітабының тұсаукесері өтті.

IMG_8754.JPG

Шараға ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Несіпбек Айтұлы, Еуразия Ұлттық универсиетінің профессоры, белгілі ғалым Серік Негимов, Астана қаласы әкімдігінің тіл басқармасының төрағасы Тілеуғали Қышқашбаев, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Мәдениет қайраткері, жазушы Қайырбек Садуақасов, жазушы, әдебиеттанушы Айгүл Кемелбаева, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, ақын Ілияс Мұқай және басқа да қаламгерлер қатысты.

IMG_8802.JPG

Жазушының «Қабір үстіндегі зұлмат» атты әдеби шығармасында отызыншы жылдары қазақ халқының басына төнген қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарының жантөзгісіз азабы, зұлмат жылдардағы халықтың қайғы-қасіреті суреттелген.

Кітапқа «Қабір үстіндегі зұлмат» атты повесті мен бір топ әңгімелер еніп отыр.

Сөз алған ақын Несіпбек Айтұлының айтуынша, Астанада көптеген жазушылардың кітаптары таныстырылып жатады, осындай шаралардың жиі өтуі оқырмандар талғамының бұрынғыға қарағанда дамып келе жатқандығын білдіреді.

НА.JPG


Несіпбек Айтұлы: «Жанболат Башар Астана төріне келіп, өз оқырмандарымен кезедсіп, жаңа кітабының тұсаукесерін өткізіп жатыр. Бұл өте қуанышты жағдай. Алдымен, Балқашта тұсаукесерін өткізген үлкен жазушы Жанболат Башар енді Астананың оқырмандарымен де кездесуін өткізіп отыр. Кітабыңыздың ғұмыры ұзақ болсын!»

СН.JPG


Серік Негимов:

«Жанболат Башарды мен 1990 жылдан бастап білемін. Жазушының халық ақыны Шашубай Қошқарбайұлына сіңірген еңбегі ерекше. Қазіргі кезде Қарағанды облысының зиялы адамдарының бірі деп осы Жанболат Башарды айта аламыз. Ал жаңа «Қабір үстіндегі зұлмат» кітабына келетін болсақ, қазақ тарихында неше түрлі қырғын, зобалаңдардың өткенін білесіздер. Ең сұмдық қырғын 1928 жылғы конфискация, 1932 жылғы аштық, одан кейінгі репрессия. Міне, осы тақырыптардың барлығы кітапта қамтылды. Жанболат Башар бұл кітапты сергек, тарихи көзқарастарға жүгініп жазды».


КС.JPG


ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Журналистер одағының мүшесі Қайырбек Сәдуақасов жазушыға сәттілік тілеп, Жанболат Башарға өзінің кітаптарын қатар табыстады.


Қайырбек Сәдуақасов: «Бүгін, міне, бір олжалы күн болды. Өйткені, көптеген жазушылармен кездесіп, оқырмандар жақсы көретін Жанболат бауырымыздың жаңа кітабы шарыққа шықты. Басында журналистика, поэзиядан келген Жанболат Башар өзінің қаламгерлік қабілетін, тарихи білімін ары қарай шыңдады. Позиясының өзі өте әдемі, шын нәзік ойлардан құралған. Жазған жаңа «Қабір үстіндегі зұлмат» шығармасы – өте ауыр тақырып. Екінің бірі бұл тақырып бойынша жаза алмайды».


IMG_8776.JPG

Шараға әдебиет сыншысы, әдебиеттанушы Айгүл Кемелбаева да қатысып, кітап жайында біраз ойларымен бөлісті:

«Бізде көбіне жазушылық дегенді оңай санатындар көп. Публицистиканы араластырып, жазушымын деген адамдар көп. Әңгіме жазу роман жазудан да қиын – көлемі аз болу керек әрі оған романның жүгі ену керек. Жанболат ағамыздың новелла, әңгіме жанрында өзінің қолтаңбасы бар жазушы. Бұл кітапта жазылған дүниелер – біздің тарихымыз. Мысалы, 1937 жылы менің өз атам репрессияға ұшырады. Бұл тақырыпты одан әрі жас ұрпаққа жаңғырту керек. Шашубай Қошқарбайұлы жайында да көлемді еңбектер зертеп, оны ерекше көтеріп жүрсіз ғой. Алдағы уақытта үлкен еңбек жазыңыз деген тілек айтқым келеді».


Жанболат Башар аталған повестің мазмұны жайында қысқаша баянадап берді:

«Кітаптың аты да айтып тұр ғой, сонау Қызыл империяның қылышына қан тамған кезде қазақтың басына небір қаралы күндер туды. Қазақ даласында 1928 болған ұжымдастырудан кейін сол озбырлыққа қарсы қаншама бас көтерген көтерілістер болды. Сондай көтерілістің бірі - Ақтоғай ауданы аймағындағы Тоқырауын көтерілісі», - деді автор.

Сонымен бірге, кітапқа жазушының соңғы уақытта жазған әңгіме хикаяттары енген. «Пері мен Періште, «Айғана», «Аңшының ажалы», «Үрей», «Соғыстан қалған сыз» тағы басқа бүгінгі күннің өмір өрнегін қаузайтын жаңа туындылары бар.

Өз кезегінде, Жанболат Башар қонақтарға алғысын білдіріп, келгендердің барлығына дерлік өз кітабын таратты.

КС1.JPG

фонфон.JPG

фонфон1.JPG

фон2.JPG

фон6.JPG

фон7.JPG


Ақбота Күзекбай

фото: автор


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар