Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Ерназар Ыбыраев. Сүйіскің келе ме?!

05.10.2015 311

Ерназар Ыбыраев. Сүйіскің келе ме?!


36277.jpg

(әзіл әңгіме)


“Мына “соққан” не дейді”, – демеңіз. “Күлдіре білу – өнер, күле білу – өмір, күлкі болу – өлім”, – демеп пе еді шаншар сөздің “сардары” Сейіт Кенжеахметов. Ендеше жарқылдай өнер көрсетіп, жадырай өмір сүріп жапырыла күліп жүреріміз хақ. Бүгінгі әңгіме сүйіс жайлы болмақ.


Алдымен “сүйіс” сөзін этимологиялық електен өткізіп, төркініне “түстеніп” алайық. Бұл жөнінде ғалымдар арасында екідай пікір таласы бар.


Бірі: “сүйіс сөзі – күйіс (күйіс қайыру) сөзінен алынған, құшырлана сүйіскен адамды малсақ қазақ күйіс қайырған түйеге балап, сүйіс пен күйісті “бір мекенді” сөз еткен”, – дейді. Бұл пікірді қолдамайтын “ғалымдар”: “Сүйістің түбірі – иіс” дейді. Бұл енді ақылға қонатындай. Қазақ бұрын, өзің білесің, сүйіспеген, иіскеген, өпкен. Сүйсе, балаларын ғана шөпілдетіп, шолпылдатып, бопылдатып, емірене сүйген. Ал бүгінгі сүйіс – басқа сүйіс.


“Иіс сөзі қалай сүйіс болды?” – дейсіз ғой. Вот, мәселе қайда. Қазақтың жақсы көретін сөзінің бәрі “с” әрпінен басталған. Мысалға: сүйдім, сағындым, сарғайдым, сенгенім, сұлуым т.с.с. “Иіс” сөзінің алдына “С”-ны қойғанда адамның басқа қызметі болғандықтан “и” әрпі еріннің емеурінімен “ү”-ге айналып, “сүйіс” деген ұғым туған. Бар болғаны осы. Хош… Менің айтайын деген “сүйісім” басқа, современный сүйіс. Қой басындағы сүйісті қайдам, ал той басындағы сүйістің жобасы бөлек, түрлері мол, күн санап дамып, түрленіп келеді.


1.Шал мен шалдың сүйісуі.

2.Кемпір мен кемпірдің сүйісуі.

3.Келін мен атаның, жеңге мен қайнының сүйісі.

4.Жезде мен балдыздың, бала мен шағаның, орыс пен қазақтың сүйісіне сүйсінесің бүгінде. Тағы да: қадалған сүйіс, айқара айқасқан сүйіс, арқа қасысқан, жылқылардай құлақ шайнасқан сүйіс сияқтылары бар. Осылардың ішінде кең етек алып бара жатқан сүйіс ен сала, таңба қалдыра сүю. Еріндегі бояуды (помаданы) біреудің бетіне таңбалай жағып және сол дақты үлбіреген алақанмен сүртіп жіберу мода боп барады. “Помада жаққыштар” бұл әдетті мәдениет, тектілік, тәкәппарлық, тазалық һәм пәктік деп сезінетін болуы керек. Олай емес шығар деймін. Қай еркек бетінің таңбасынан тұзаққа түсіп, тамұққа шыжғырылғанын ұнатады дейсің. өзіміз де сан рет сөйттік. Сондықтан өзегің өртеніп өзеуреп бара жатсаң, емірене иіске. Сол жетеді мен сияқтыларға. “Таңба” сала сүю модасын тастаңыздар, арулар. Бұл ойымды қоштайтын еркектер маған хабарлассын. Хош-сау болыңдар, беттеріңнен сүйдім.




Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар