Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Роза Мұқанова: «Әдебиет порталы» тәуелсіз ойдың ер...

23.12.2016 2936

Роза Мұқанова: «Әдебиет порталы» тәуелсіз ойдың еркіндігін тудырды

Роза Мұқанова: «Әдебиет порталы» тәуелсіз ойдың еркіндігін тудырды - adebiportal.kz
photo_57826.jpg

«Әдебиет порталы» тәуелсіз ойдың еркіндігін тудырды. Қаламгерлер үшін заманына сай бұрқ-бұрқ қайнап еркін көсіліп ағатын таза бұлақтың бастауы қажет еді. Өзін-өзі танытқысы келетін ақын-жазушы күш сынасып, бәйгеге түсті. Бірі алыстан беу-беулеп бой көрсетсе, бірі шаң арасынан қылаң беріп оза шабатындай. Тәуелсіз елдің тәуелсіз әдебиетінің арынын аңғартады. Қуанып, елегзіп, тақымыңды қысып, мойыныңды соза түсесің. Әлемді аузына қарататын бір құбылыс төбе көрсететіндей сарыласың. Түбі келер, түбі көрінер. Сол құдіреттің де бет-бейнесін танытатын «Әдебиет порталы» болар. Үш жылға жаңа толып отырған «Әдебиет порталын» сәби дей алмаспыз. «Түбі осынымнан бірдеңе шығар» деп үміт күткен ата-анадай мейіріммен ақ тілек тілеп, тер мүңкіген ойын баласына үлкен арман жүктейміз.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар