Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қасымхан Бегманов: Ұйқыдан бүгін «Әдебиет порталы»...

23.12.2016 3832

Қасымхан Бегманов: Ұйқыдан бүгін «Әдебиет порталы» не айтады екен деп оянатын болдық

Қасымхан Бегманов: Ұйқыдан бүгін «Әдебиет порталы» не айтады екен деп оянатын болдық - adebiportal.kz

касымхан-бегм.jpg

Біздің жас кезімізде «Лениншіл жас» газетіне өлеңіміз шықса, таңертен ұйқыдан белгілі адам болып оянатын едік. Біздің сүйегімізге баспасөз бетіне шығудың қадірі әбден өтіп кеткен. Сол себепті не жазсақ та, абайлап, кейінгі буын «қалай қарайды» екен деп елеңдеп тұрамыз. Осы орайда атқан оқтай, шапқан аттай жүйріктік танытып, жас қаламгерлердің танылуына үлкен мүмкіндік жасап отырған «Әдебиет порталына» толағай табыстар тілеймін! Бұл порталдан кейінгі әдебиетшілердің аяқ алысы мен көзқарастарын үнемі оқып отырамын. Таңертең ұйқыдан бүгін «Әдебиет порталы» не айтады екен деп оянатын болдық. «Әдебиет порталының» мерейлі мерейтойы құтты болсын!


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар