Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Онлайн режиміндегі тиімді семинар...

02.06.2017 3549

Онлайн режиміндегі тиімді семинар

Онлайн режиміндегі тиімді семинар - adebiportal.kz

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті 2017 жылдың 9 маусымында «Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттауды іске асыру жолдары» тақырыбында республикалық онлайн семинар өткізеді.

Жамбыл облысы Тілдерді дамыту басқармасының Мемлекеттік тілді оқыту орталығында өтетін семинар барысында онлайн режимі арқылы мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау жолдарын жүзеге асыру қарастырылады. Сондай-ақ озық тәжірибені зерделеу және қорыту, оқытудың қазіргі заманғы әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу мәселелері сөз болады.

Семинарға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қызметкерлері, Мемлекеттік тілді оқытудың өңірлік орталықтарының мамандары, ғылыми-әдістемелік кеңес мүшелері, аймақ ғалымдары мен тіл мамандары, Ұлттық тестілеу орталығы ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту басқармасының мамандары қатысады.

Семинар барысында әдіскер-ғалымдар онлайн режимі арқылы мемлекеттік тілді оқытудың тиімді технологиялары мен әдіс-тәсілдерімен бөліседі. Тілдерді оқыту орталықтары мен республикаға белгілі үздік әдіскерлер шеберлік сабақтарын көрсетеді.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар