Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Ауылым – алтын тұғырым» әдеби конкурсына қатысқан ақын-жазушылардың шығармалары кітап болып жарық көрді

22.06.2017 2268

«Ауылым – алтын тұғырым» әдеби конкурсына қатысқан ақын-жазушылардың шығармалары кітап болып жарық көрді

«Ауылым – алтын тұғырым» әдеби конкурсына қатысқан ақын-жазушылардың шығармалары кітап болып жарық көрді

2017 жылдың 23 маусым күні сағат 15.00-де Астана қаласында ҚР Ұлттық музейінің мәжіліс залында (Тәуелсіздік даңғылы 54) «Ауыл» ХДПП-ның ұйымдастыруымен ауыл тақыбырына арналған жас ақын-жазушылар арасындағы «Ауылым – алтын тұғырым» әдеби конкурсына қатысқан ақын-жазушылардың шығармаларын топтастырып, «Поэзия, проза, драма» жанрлары бойынша шығарылған 3 томдық кітаптың тұсаукесерін өткізеді.

Тұсаукесерге зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, драматургтер, министірліктердің өкілдері, ҚР Парламенті Сенатының және Мәжілісінің депутаттары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысады. Шығармалары жинаққа енген кітап ақын-жазушыларға тарту етіледі.

Партия төрағасы Әли Бектаев «Ұйымдастырылған конкурс шығармашылық деңгейден шығып, халықтың әлеуметтік-рухани жағдайын бейнелейтін ерекше құбылысқа айналды. Мұндай әдеби байқаулар жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін болады. Сонымен қатар осы сайысқа келіп түскен шығармалардың барлығы жинақталып, проза, поэзия және драматургия жанрлары бойынша бөлек кітап болып, бастырылып шығарылғанын айтып өтті.

Әдеби конкурсты «Ауыл» партиясы ҚазКонтент» АҚ-ның «Әдебиет» порталымен бірлесіп Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай арнайы ұйымдастырған еді.

«Ауылым-алтын тұғырым» конкурсына шығармалар 1 жыл бойы қабылданды. Әдеби-онлайн конкурсына барлығы 219 шығарма келіп түскен. Оның ішінде 18 шығарма драматургия жанры бойынша, 79 туынды проза жанры бойынша, және 122 еңбек поэзия жанры бойынша тіркелген. Сонымен қатар үздік туындылар арасынан сарапталып, ең үздік шығармаға «Алтын тұғыр» әдеби жүлдесі тағайындалды.

«Ауылым – алтын тұғырым» атты әдеби онлайн-конкурсы биыл да өз жалғасын тапты. Күн сайын жаңа шығармалар келіп түсуде. Биылғы конкурстың да қорытындысы ел тәуелсіздігі күнінің алдында шығарылып, ондағы шығармалар жинағы тағы да 3 томдық болып басылатын болады. «Ауыл» партиясы бұл әдеби конкурсты дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастыратын болады.

Әдебиет порталы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар