Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
27 ШІЛДЕ. ӘДЕБИ КҮНТІЗБЕ....

27.07.2017 5107

27 ШІЛДЕ. ӘДЕБИ КҮНТІЗБЕ.

27 ШІЛДЕ. ӘДЕБИ КҮНТІЗБЕ. - adebiportal.kz

ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕНДЕР

АҚЫНДАР

1777 — Томас Кемпбелл, шотландық ақын.

Томас Кэмпбелл Глазго қаласында дүниеге келіп, қаламен аттас университетте білім алады.

Ең алғаш «Гленара» (ағылшынша Glenara) және «Уллин және оның қызы» (ағылшынша Ballad of Lord Ullin’s Daughter) атты балладасымен танылады. 1799 жылы «Үміт шаттығы» (ағылшынша The Pleasures of Hope) атты дидактикалық поэмасын жазады. Бұл поэма дәстүрлі классицизммен жазылған еңбекті қанауға, құлдыққа қарсы жазылған болатын. «Гертруда из Вайоминга» лирико-романтикалық поэмасы да оның барыойының асқақтауывна алып келді.

1835 — Джозуэ Кардуччи (Giosuè Carducci) (1907 жылы қайтыс болған), итальялық ақын. 1906 жылғы Нобель сыйлығының иегері.

Кардуччи он жасынан бастап өлең жазды. Оның алғашқы жинғаы 1857 жылы жарық көрді. Оның сөзбен сурет салған жырлары көпшіліктің зор ықыласына бөленді. 1906 жылы оған поэзиядағы ерекше жаңашылдығы мен шығармаларының поэтикалық қуаттылығы үшін Нобель сыйлығын табыстайды.

ЖАЗУШЫЛАР

1824 — Александр Дюма-ұлы (Alexandre Dumas fils), француз жазушысы, драматург. Жазушы әлемге әйгілі Александра Дюма-әкенің ұлы.

Парижде дүниеге келген Александр өзінің белгілі жазушы әкесінің арқасында әдебиетке құштар болып өседі. 18 жасынан бастап-ақ ол өлеңдер жазып, жырлары баспалардан жарық көріп жатты.

1847 жылы оның «Жастық шақ күнәлары» (Грехи юности) атты кітабы жарық көреді. Ал келер жылы «Төрт әйел мен тотықұстың басынан кешкендері» (Приключения четырёх женщин и попугая), «Дәрігер Серван» (Доктор Серван) сынды әңгімелер, повестерін жарыққа шығарады.

1848 жылы оның «Камелия ұстаған ханым» «Дама с камелиями» (Камелия – өсімдік авт), атты үлкен романын жариялайды. Бұл роман жазушының танымал болуына септігін тигізіп, үлкен жетістіккке жеткізеді. Жазушы Парижде 1895 жылы 27 қарашада көз жұмды.

1850 — Лафкадио Херн (Patricio Lafcadio Tessima Carlos Hearn) (1904 жылы қайтыс болған), америкалық жазушы.

ДҮНИЕДЕН ОЗҒАНДАР

1841 — Михаил Юрьевич Лермонтов, орыс ақыны, жазушы, драматург.

1814 жылдың 15 қазан айында Мәскеуде дүниеге келген ақынның балалық шағы орыс көгінде Пушкин жырларының шалықтап тұрған шағында өтті. Он бес жасында желтоқсаншылардың сарынымен өлең жаза бастаған ақын Пушкин мен желтоқсаншы Рылеевтің жырларын сүйіп оқитын. Оған танымалдылықты алып келген орыстың ұлы ақыны Пушкинге арнаған «Ақын өлімі» (Смерть поэта) атты өлеңі болатын. Ол ақын өліміне арнаған қылыштай кесіп түсер өлеңінде Пушкин өліміне себепкер I Николай мен оның маңындағы бекзадалар тобын сынады. Ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тараған бұл өлеңі патшаның ашуын туғызып, патша 22 жасар Лермонтовты айдауға жіберді. 1812 жылғы Отан соғысына арналған «Бородинодан» бастап ақынның талай шығармалары бекзадалар қауымына, олардың қитұрқы әрекеттеріне қарсы көрініс тауып отырды.

Ақын Пушкиннен кейін орыс поэзиясын жаңа биікке көтеріп, ұлы ақыннан кейінгі әдебиетке адалдығын таныта білді.

Қазақ тіліне Лермонтовтың шығармаларын сөйлетуде Қасым Тоғызақовтың еңбегі зор. 1953 жылы ақынның қазақ тілінде бір томы жарық көрді. Бұл томдыққа Ғали Орманов, Қалижан Бекхожин, Қасым Аманжолов, Тайыр Жароковтар, сонымен қатар, С. Мәуленов, Ғ. Қайырбеков, I. Мәмбетов сынды ақындар тер төкті.

1873 — Фёдор Иванович Тютчев, орыс ақыны.

Фёдор Тютчев Орел губерниясы Брянск уезіндегі Овстуг ауылында 5 желтоқсанда дүниеге келді. 1816 жылы “На новый 1816 год” жаңа жылға арнаған өлеңін ақын А.Ф. Мерзляков өзі басшылық ететін әдеби ұйымның талдауына салып, ақынды осы ұйымның мүшелігіне қабылдайды. Мәскеу институтінің тіл бөлімінде білім алған ақын кейіннен дипломтаиялық жұмыспен шетелдерде қызметте болады. Оның шетелдерде жазған өлеңдері мен аудармалары Мәскеудің әдеби журналдарында жиі жарық көріп тұрды. 1850 жылы белгілі қаламгер Н.А. Некрасов Тютчев шығармашылығы туралы көлемді мақала жазып, оны Пушкин мен М.Ю. Лермонтов деңгейіндегі қаламгер деп таниды. Тютчевтің алғашқы өлеңдер жинағы белгілі жазушы И.С. Тургеневтің қолдауымен 1854 жылы жарық көреді. Тютчевтің “өлеңдер” атты жинағы 1970 жылы қазақ тілінде баспадан шыққан

1946 — Гертруда Стайн, америкалық жазушы.

1874 жылдың 3 ақпанында Аллегейнида дүниеге келген жазушы жас кезінде әкесінің қалауымен медициналық мамандықты таңдайды. Өзі бұл мамандықты аса жақтырмаса да әкесінің сөзіне қарсы келе алмайды. Әкесінің қазасы мен өзінің алғашқы махаббатынан айырылу оған оңай соқпадйы. Сондықтан болар, ол дипломды да алмастан Американы тастап кете барады. Ол Парижге қоныс аударып, сонда өмірінің соңына дейін өмір сүреді. Парижде жүріп шығармашылықпен айналыса бастаған жазушы қаламынан көптеген романдар дүниеге келеді. Екінші дүниежүзілік соғыстың ауыр азабын тартқан жазушы 1946 жылы 27 шілде күні қатерлі ісік ауруынан көз жұмды.

АЙТУЛЫ ОҚИҒАЛАР

2011 жылы Польшаның Варшава қаласында «Қобыланды батыр» эпосы поляк тілінде жарық көрді. Бұл Польшадағы ҚР дипломатиялық өкілдігінің 9-шы басылымы болатын.

Дайындаған: Наурызбек САРШАЕВ.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар