Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
2 ТАМЫЗ. ӘДЕБИ КҮНТІЗБЕ....

02.08.2017 3827

2 ТАМЫЗ. ӘДЕБИ КҮНТІЗБЕ.

2 ТАМЫЗ. ӘДЕБИ КҮНТІЗБЕ. - adebiportal.kz

ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕНДЕР

1862 — Данкан Скотт (Duncan Campbell Scott) (1947), канадалық ақын, жазушы.

1884 — Ромуло Гальегос (1969), Венесуэла президенті, жазушы.

1888 — Кость Буревой (шын есімі Константин Сопляков) (1934 жылы қайтыс болған), украин жазушысы, публицист, эссеші.

1897 — Михаил Слонимский, жазушы, публицист.

Оның әкесі публицист Леонида (Людвига) Зиновьевича Слонимский болатын. Петроград университетінің тарихи-филология факультетін тәмамдаған.

1915 жылдың қаңтарында Бірінші дүниежүзілік соғысқа аттанады. Соғыста ауыр жараланады. Бұдан, соң жазушы Наркомпрос мұрағатында (1918), «Әлемдік әдебиет» баспаханасында жұмыс істейді (1919).

1920 жылы «Өнер үйіне» келіп, Е. И. Замятин атындағы әдеби студияда жұмыс жасайды.

Оның алғашқы кітабы Бірінші дүниежүзілік соғыс жайлы әңгімелер жинағы болатын. Ол соғыстан соң «Инженерлер» (1950), «Достар» (1954), «Ғасыр құрдастары» (1959) роман трилогиясын, сосын «Жеті жылдан соң» (1963) атты романын жариялайды.

1905 — Леонид Сергеевич Ленч (шын тегі Попов) ( 1991 жылы қайтыс болады), жазушы.

1924 — Джеймс Артур Болдуин (James Baldwin), романшы, публицист, драматург.

Тоғыз баланың үлкені болып өскен жазушы әкесі жайлы өмір бақи білмей өтеді. Сондықтан болар, көптеген шығармаларында сол туралы жазады. («Пойыз кеткенде маған айтшы», «Джованни бөлмесі» т.б). Болдуин Бронкстегі орта мектепті бітірісімен Гринвич-Виллиджге көшіп келеді. Онда оның әдеби өмірі басталады. Көптеген құнды мұра қалдыраған жазушы 1987 жылы 30 қарашада Сен-Поль-де-Вансте қайтыс болады.

1929 — Валерий Аграновский ( 2000), журналист, жазушы, драматург.

1932 — Владимир Константинович Арро, драматург.

1942 — Изабель Альенде, чили жазушысы.

ДҮНИЕДЕН ОЗҒАНДАР

1892 — Ефим Фёдорович Зарин, орыс жазушысы.

1963 — Георги Абаджиев (1910 жылы дүниеге келген), македониялық жазушы, ұлттық тарихи прозаның негізін қалаушылардың бірі.

Болгарияда балалық шағы өткен жазушы София университетінде білім алады. Софиядағы әдеби бірлестіктің негізін салушы.

«Еңбек және адамдар» (1936), «Шығыс» (1950), «Пышақ эпопеясы» (1951), «Соңғы кездесу» (1953), «Әңгімелер» (1962) сынжы әңгіме жинақтарының, «Шөл» (1961) романының авторы.

1995 — Юрий Иосифович Коваль, белгілі орыс жазушысы.

АЙТУЛЫ ОҚИҒАЛАР

1865 — «Макмиллан» атты британиялық баспадан Льюиса Кэрроллдың «Алиса ғажайыптар елінде» атты кітабы жарық көрді.

1995 жылы, яғни, 22 жыл бұрын Абай атындағы халықаралық қордың ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбаевтың «Өлең – сөздің патшасы» деген өлеңдер жинағының тұсаукесерін өтті. Тұсаукесер рәсімі Алматыдағы Достық үйінде өтті.

1995 жылы Абай Құнанбаевтың дүниеге келгеніне 150 жыл толуына арналған Мысыр астанасы Каирде салтанатты кеш өтті.

Дайындаған: Наурызбек САРШАЕВ


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар