Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
3 ТАМЫЗ. ӘДЕБИ КҮНТІЗБЕ.

03.08.2017 1957

3 ТАМЫЗ. ӘДЕБИ КҮНТІЗБЕ.

ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕНДЕР

1904 — Клиффорд Саймак (1988), американдық фантаст-жазушы.

Ғылыми-фантастикалық және фэнтези жанрында қалам тербеген, сондай-ақ, америкалық фантастикалық прозаның негізін қалаушылардың бірі ретінде танылған жазушы Милвилл қаласында дүниеге келген. Висконсин штатындағы Мадисон университетінің журналистика мамандығын бітірген.

Жазушы 1931 жылы «Wonder Stories» журналының желтоқсандық санында «Қызыл күн әлемінде» атты әңгімесін жариялайды.

1933 жылдан бастап жазушы ғылыми-фантастикалық жанрда қалам тербей бастайды. Кейіннен Симак «Ғылыми-фантастикалық әдебиеттің алтын ғасырының» (1938—1950) көш басында тұрған жазушылардың бірі болады.

1952 жылы оның «Шаһар» атты танымал романы жарық көреді. Бұл романмен «фэнтези» жанрындағы көптеген халықаралық сыйлықтарды иемденеді.

Клиффорд Симак жазушылықпен елу бес жылдай айналысады. Осы уақыт аралығында жазушы қаламынан 28 роман, 127 повес және әңгімелер дүниеге келеді.

Клиффорд Дональд Симак 1988 жылдың 25 сәуірінде 84 жасында Миннеаполис қаласында көз жұмды.

1910 — Дональд Биссет, ағылшын балалар жазушысы, суретші, кино актері және театр режиссері.

Англияның Брентфорд қаласында дүниеге келген Биссет әдебиеттегі қызметін Лондон телеарнасына арнап балаларға арналған ертегі жазумен бастайды. Кейіннен балаларға арналған бағдарламаларда өз ертегілерін өзі оқитын болған.

1954 жылы жазушының алғашқы ертегі жинағы жарық көреді. Кітап «Өзің оқы» деген сериямен «Қалаған кездеріңде айтып беремін» деген атпен жарық көрді. Бұдан соң жазушуының «Кейінірек айтып беремін», «Тағы бірде айтып беремін» сынды сериялық кітаптары жарық көре бастады.

Биссет Лондонда 1995 жылы 18 тамызда 85 жасында қайтыс болды.

1920 — Филлис Дороти Джеймс, ағылшын жазушысы, детективті шығармалардың авторы.

1924 — Анатолий Георгиевич Алексин (шын тегі Гоберман), орыс жазушысы

Болашақ жазушының балалық шағы Мәскеу қаласында өтті. Екінші дүниежүзілік соғыс бітісімен жазушы Ресейдегі ең беделді оқу орындарының бірі – Мәскеу шығыстану институтына түседі. Осы аралықта оның алғашқы шығармалары дүниеге келеді. Оның шығармалары орыс елінде жоғары бағаланып, ең бестселлер қатарына жатқызылады. Мектептерде, жоғарғы оқу орындарында автор өзінің оқырмандарымен кездесіп тұрды.

Анатолий Алексин КСРО мен Ресейдің Мемлекеттік сыйлығының, Ленин комсомолы сыйлығының, А. М. Горький атындағы халықаралық сыйлықтың Андерсен атындағы халықаралық сыйлықтың иегері.

Анатолий бүгінде Израилде өмір сүріп, шығармаларын жазу үстінде.

ДҮНИЕДЕН ОЗҒАНДАР

2008 — Александр Исаевич Солженицын, орыс жазушы, 1970 жылдың Нобель сыйлығының лауреаты.

1918 жылы 11 желтоқсанда дүниеге келген. Мектепте оқып жүрген кезінде-ақ әдебиетке қызығушылығы артып, поэзия мен эссе жазуға құштарланады. Дегенмен, ол Ресей мемлекеттік университетіне филология факультетіне емес, физика-математика факультетіне оқуға түседі. Бірақ, жазушының әдебиетке деген сүйіспеншілігі сөнбей студент кезінде-ақ «Он төртінші тамызда» атты алғашқы шығармасын бастайды.

1945 жылы Солженицынді Сталинді сынаған жазбасы үшін тұтқынға алады. 1945 жылдың соңынан 1953 жылға дейін қапаста отырады. Тұтқында отырып Солженицын көлемді поэмалар жазып, кейін қағазға түсіру үшін жаттап алады. Мұнда ол «Бірінші шеңберде» атты атақты романын, «Ивана Денисовичтің бір күні» атты танымал әңгімесін жазады.

Жазушыны бостандыққа шығарған соң Қазақстанның Жамбыл облысындағы Бірлік ауылына жібереді. Солженицын сонда математика сабағынан дәріс береді. 1956 жылы жазушыға еліне қайтуға рұқсат беріледі

Жазушы 2008 жылдың 3 тамызында дүние салады.

(Қазақстан топырағына табаны тиіп, күніне маңдайы күйген бұл жазушы туралы қазақ зиялылары екіұдай пікірде. Бірі оның шығармашылығын құрметтейтінін айтса, енді бірі кезіндегі «Орыс халқын қалай көркейтеміз» еңбегінде Ресейге Қазақстанның бес облысын қосу туралы пікірі үшін құрметтемейтінін айтады).

Айтулы оқиғалар

1921 — орыс ақыны Николай Гумилев тұтқындалды.

1955 —Самюэл Беккеттің «Годоны күткенде» пьесасы Лондонда сахналанды. Бір қызығы көрермендердің жартысына жуығы көрсетілімді аяғына жеткізбей, автордың шығармашылық түспалын түсінбей қайтып кеткен.

Дайындаған: Наурызбек САРШАЕВ


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Көп оқылғандар