Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
50 мың көрермен алдында өнер көрсетті...

21.08.2017 5102

50 мың көрермен алдында өнер көрсетті

50 мың көрермен алдында өнер көрсетті - adebiportal.kz

11-20 тамыз аралығында Анкара қаласында Етимесгут муниципалитеті мэриясының ұйымдастыруымен ХІV халықаралық «Анадолы күндері» мәдениет және өнер фестивалі өтті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы мен Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығы аясында Қазақстан кеші жүзеге асып, онда Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданынан «Әдемі-ау» би ансамблі мен Меркі аудандық «Меркі әуендері» фольклорлық ансамблі өнер көрсетті.

Сондай-ақ фестиваль барысында еліміздің мәдениеті мен әдет-ғұрпын жан-жақты таныстыратын «Қазақстан» үйі ашылып, жұртшылық назарына сурет көрмесі ұсынылды.

Жамбылдық өнерпаздарды Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы қабылдап, халықаралық өнер мерекесіне шақыртуды қабыл алып келгендері үшін алғыс білдірді. Қолдау көрсеткен облыс және аудан әкімдеріне ризашылығын жеткізді. Екі ел арасындағы мәдени байланыстар мен атқарылған жұмыстарға тоқталып, делегация мүшелеріне Түркия Республикасында қазақ өнері мен мәдениетін насихаттауға қосқан үлесі үшін алғысхаттар табыстады.
Жамбыл облысы әкімдігі Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі Эльмира Дүтбаева өз кезегінде Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің шалғай ауданда жатқан шығармашылық ұжымдарды елеп-ескеріп жасаған ұсынысына ерекше қуанғандарын жеткізді.


Бұдан кейін қазақстандық делегация Етимесгут муниципалитеті басшысы Энвер Демирелмен кездесті. Ол өз сөзінде «біздің мақсатымыз - түбі бір түркітілдес елдердің өзара ынтымақтастық, достық қарым-қатынасын нығайтып, бауырлас мемлекеттердің рухани мұрасын кеңінен насихаттау. Шығармашылық ұжымдарды бір алаңда тоғыстырып, әр халықтың ұлттық музыкасын және өнерпаздарын таныстыру» деп атап өтті.

Кешкісін «Анадолы күндері» мәдениет және өнер фестивалі басталып, «Әдемі-ау» би ансамблі мен Меркі аудандық «Меркі әуендері» фольклорлық ансамблі халықтық ән-күйлер мен түркітілдес елдердің бай мұрасын тарту етті. Фестиваль алаңына күн сайын 20-30 мың адам жиналса, сол күні 50 мың көрермен ресми тіркелген.

Концерт соңынан Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы екі ел бауырластығының мәңгі жасайтынын айта келе, Етимесгут муиципалитеті басшысы Энвер Демирелге қазақ өнерін танытуға қосқан үлесі үшін ризашылық білдіріп, сый-сияпат жасады.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар