Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ақын Кеңшілік Мырзабеков тұрған үйге ескерткіш тақ...

30.08.2017 7706

Ақын Кеңшілік Мырзабеков тұрған үйге ескерткіш тақта қойылды

Ақын Кеңшілік Мырзабеков тұрған үйге ескерткіш тақта қойылды - adebiportal.kz

Бүгін Алматы қаласындағы «Көктем-3» ықшамауданында қазақтың атақты ақыны Кеңшілік Мырзабеков тұрған үйге ескерткіш тақта қойылды. Ақынның өмірден өткеніне 28 жылдан астам уақыт өтсе де, белгілі себептермен кейінге шегеріліп келе жатқан бұл тақтаның орнатылуына қала әкімі Бауыржан Байбектің қолдауы себепші болды.

Тақтаның ашылу құрметіне орай ұйымдастырылған жиынды қалалық тіл басқармасының басшысы Мамай Ахет басқарды. Жиналған ақындардың да қарасы көп еді. Көзі тірісінде бірге жүрген замандас қаламгерлері естелік айтысып, ақындар өлең оқыды. Ақынның ұлы Амангелді Кеңшілікұлы да осы шараның басы қасында жүрді.

adebiportal.kz

Фотосуреттерді түсірген Сәуле НЫСАНБЕК


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар