Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Әдебиет порталы» ұжымы Төлен Әбдікұлын туған күн...

04.09.2017 5637

«Әдебиет порталы» ұжымы Төлен Әбдікұлын туған күнімен құттықтады

 «Әдебиет порталы» ұжымы Төлен Әбдікұлын туған күнімен құттықтады - adebiportal.kz

Бүгін қазақ әдебиетінің классигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы, драматург Төлен Әбдікұлы асқаралы 75 жасқа толды. «Парасат майданы», «Оң қол», «Өліара», «Ақшоқыда қыс қатты» т.б. сүбелі туындыларымен халқымыздың рухани қазынасын байытуға өлшеусіз үлес қосқан қабырғалы қаламгерді «Әдебиет порталының» ұжымы арнайы барып туған күнімен құттықтаған болатын.

Тосын қонақтарды сергек көңіл күймен қарсы алған Төлен Әбдікұлының ұялы телефонында да бүгін дамыл жоқ екен. Арнайы құттықтау хат та жеткізіліп жатты. Ізгі тілектер мазмұнындағы осынау қарбалас арасында жазушының берекелі қонақжай дастарханынан дәм тата отырып, ел ағасы жазушыға бірер сұрақтар қойып, әдебиет, бүгінгі қоғам өмірі жайлы құнды пікірлерін тыңдаудың сәті түскен еді.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар